Instruction Manual

10
қосылады. 5. «ҚОСУ/ӨШІРУ» батырмасын 3 секунд бойы ұстап тұрған кезде
аспап сөнеді, қосарлы дыбыстық сигнал естіледі.
УАҚЫТТЫ ОРНАТУ
Күту режимінде уақыт таңдау функциясын қосу үшін «ҚОСУ/ӨШІРУ» баты-
рмасын басыңыз, сонда жалғыз дыбыстық сигнал естіледі. Индикаторда
әдепкі уақыт көрсетіледі (40 мин): «+» немесе «-» батырмасын әр басқан
сайын уақыт 5 минутқа артып (азайып) отырады. Бұл батырмада үздіксіз
енгізу функциясы бар. Батырманы 2 секунд басып тұрыңыз, индикатордағы
мән 0-ден 90 минутқа дейін үздіксіз өзгере бастайды (дыбыстық сигнал
берілмейді).
Қажетті уақытты таңдағаннан кейін, аспаппен операциялар орындалмаған
жағдайда 10 секунд ішінде жалғыз дыбыстық сигнал естіледі, сосын аспап
енгізілген уақыт мәнімен жұмыс істей бастайды.
Қызғаннан кейін жалғыз дыбыстық сигнал естіледі, аспап күту режиміне
оралады. Аспаппен операциялар жүргізілмеген жағдайда 1 минут ішінде
қосарлы дыбыстық сигнал естіліп, аспап сөндіріледі.
ТАЙМЕР
Қыздыру уақытын орнатқаннан кейін «ТАЙМЕР» батырмасын басыңыз,
индикатор жыпылықтап, «--» символы пайда болады. Аспап қосылу уақы-
тын таңдау күйіне ауысады. «+» немесе «-» батырмасын басу арқылы
уақытты таңдаңыз, әр басқан сайын уақыт 1 сағатқа өзгереді (1-12 сағат
диапазонында). Осыдан кейін 10 секунд ішінде таймерді қосу үшін «ҚОСУ/
ӨШІРУ» батырмасын басыңыз. Белгіленген уақыттан кейін аспап қыздыру
режиміне қосылады (әдепкі мәні бойынша). Белгіленген қыздыру уақыты
аяқталғаннан кейін жалғыз дыбыстық сигнал беріледі және аспап күту
режиміне өтеді. Батырма басылмаған жағдайда 1 минут ішінде қосарлы
дыбыстық сигнал естіліп, аспап өшіріледі.
7. Жұмыс индикаторы
8. Су толтыруға арналған шүмек
3. ЖИЫНТЫҚТЫЛЫҒЫ
1. Қос қазандықтың негізі - 1 дана
2. Тостаған - 3 дана
3. Күріш пісіретін ыдыс - 1 дана
4. Қақпақ – 1 дана
5. Паллет - 1 дана
6. Тостағанға арналған бекіткіш - 3 дана
7. Пайдалану жөніндегі Нұсқаулық - 1 дана
4. ЖҰМЫС ІСТЕУ ТӘРТІБІ
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ
Алғаш рет пайдаланар алдында буқазанды толықтай тазалау қажет.
Алынбалы тостағандарды, түптабан және буқазан қақпағын ыдыс жуа-
тын затпен жуып, жақсылап шайыңыз және құрғатыңыз. Резервуарға Max
белгісіне дейін су толтырып, барлық бөлшектерді жинап, аспапты қосыңыз.
30 минуттан кейін жұмысты аяқтап, суды төгіңіз.
АСПАПТЫ ПАЙДАЛАНУ
1. Аспапты қосқан кезде қосарлы дыбыстық сигнал естіледі, аспап күту
режиміне өтіп, жарық-диодты индикатор жыпылықтай бастайды және «-»
символы пайда болады.
2. Күту режимінде, аспаппен 1 минут бойы операциялар орындалмаған
жағдайда, аспап қосарлы дыбыстық сигналдан кейін сөндіріледі. 3. Өшіріл-
ген күйде «ҚОСУ/ӨШІРУ» батырмасын бір рет басқанда жалғыз дыбыстық
сигнал естіледі және аспап күту режиміне өтеді. 4. Жұмыс режиміне өткен-
нен кейін сіз «ҚОСУ/ӨШІРУ» батырмасын басу арқылы аспаптың жұмысын
үзесіз, сонда жалғыз дыбыс сигналы естіліп, бас тарту функциясы іске
СУСЫЗ ҚОСЫЛУДАН ҚОРҒАЛҒАН
Буқазанда су таусылса, құрылғы автоматты түрде өшеді. Бұл жағдайда
аспаптың суығанын күтіп, содан кейін оған салқын су құйыңыз.
ҚОСЫМША СУ ҚҰЮ
Егер аспаптағы су толығымен қайнап таусылып қалса, термостат элементтің
қуатын өшіреді. Шам сөнеді, бірақ таймер жұмысын жалғастыра береді. Сіз
қосымша су құйғанға дейін немесе таймер «0» күйіне қайтып келгенге
дейін термостат әлсін-әлсін қосылып, өшіп тұратын болады. Негізгі блокты
желіден ажыратып, бірнеше минут суытыңыз, содан кейін резервуарға су
құйып, құрылғыны қайта қосыңыз. Қажетті уақытты есептеген кезде бумен
тамақ пісірудің өткен уақытын ескеріп, тағы біраз уақыт қосыңыз, өйткені
тамақ пісіру процесі барлық су қайнап таусылғанымен бірден тоқтамайды.
ҰСЫНЫМДАР МЕН КЕҢЕСТЕР
1. Тағам езіліп кетеді деп алаңдамаңыз -бумен пісіру -бұл тамақ пісірудің
салыстырмалы түрдегі жұмсақ тәсілі.
2. Бу айналымын қамтамасыз ету үшін:
- Өнімдерді тостағанға тым толтырып салмаңыз.
- Мүмкіндігінше өнімдерді бір қабат етіп орналастырыңыз.
- Тамақ тілімдерін тым тақап салмаңыз.
- Өнімдерді қабаттарға төсеу кезінде, будың қабаттар арасында айналуын
қамтамасыз ету үшін әр қабатта бөліктер арасында бос орын қалдырыңыз.
3. Су деңгейі әрдайым терезесінен көрініп тұруы тиіс.
4. Буқазан жұмыс істеп тұрған кезде ешқашан қақпағын алып тастамаңыз.
5. Өнімдерді бір қабат етіп жайыңыз.
6. Өнімдерді бірдей тілімдерге кескенде тамақты бумен біркелкі өңдеу
қамтамасыз етіледі.
7. Тамақты ұзақ пісіру кезінде өнімді бумен біркелкі өңдеу үшін циклдың
ортасында араластырып қойыңыз.