User Manual
1
2
8
СУ ҚҰБЫРЫНА ҚОСУ
БҰЛ МАҢЫЗДЫ
Ыдысжұғыш машинаны су
құбырына тек жиында жеткізілетін
жаңа шлангілерді пайдаланып
қосу керек.
Бұрын қолдануда болған ескі
шлангілерді пайдаланбаңыз.
n Су құятын және су ағызатын шлангілерді
кез келген жаққа бағыттауға болады.
БҰЛ МАҢЫЗДЫ
Ыдысжұғыш машинаны суық суға
немесе температурасы 60°С
градустан аспауға тиіс ыстық суға
қосуға болады.
n Су қысымы кем дегенде 0,08 МПа
және көп дегенде 0,8 МПа құрайтын
болуға тиіс.
n Су құятын құбыр машинаны жұмыс
істемейтін уақытта суды жабу үшін,
су құбырына кран арқылы жалғанған
болуы қажет (1 В сурет).
n Ыдысжұғыш машинаға жиында оның
ұшында ”3/4” бұрандалы гайка бар су
құятын шланг қоса жеткізіледі (2
сурет).
n Су құятын шлангіні "А" ”3/4”
бұрандасы бар су құбыры кранына
жалғау керек. Гайканың мықты
бұралғанын тексеріңіз.
n Қажет болған жағдайда су құятын
шлангіні 2,5 метрге дейін ұзартуға
болады. Ол үшін сервистік
орталыққа жүгіну керек.
n Егер жалғау жаңа құбырларға
немесе ұзақ уақыт бойы
пайдаланылмаған құбырларға
жасалатын болса, кірістік сүзгіні құм
мен тат бітеп қалмауы үшін,
жалғаудың алдында суды ағызу
керек.










