Product Safety Guide

ек MFC үлгілері)
Телефон желілерін орнатқан не өзгерткен кезде сақ болыңыз. Телефон желісі қабырға
розеткасынан ажыратылмай, оқшаулауышпен оратылмаған телефон сымдарын немесе
түйіспелерін ұстамаңыз.
Телефон сымдарын ешқашан найзағай кезінде орнатпаңыз. Телефон ұясын дымқыл
немесе дымқылдануы мүмкін жерге, мысалы, тоңазытқыштың немесе конденсация
түзетін басқа құрылғының жанына ешқашан орнатпаңыз.
Қуат сымының қауіпсіздігі:
Бұл өнім тұйықталған штепсельмен жабдықталған. Бұл штепсель тек жерге қосылған
розеткаға сәйкес келеді. Бұл — қауіпсіздік шарасы. Егер штепсельді розеткаға салу
мүмкін болмаса, сәйкес емес розетканы алмастыру үшін электр маманынан сұраңыз.
Жерге қосылған штепсельдің мақсатын бұзуға ӘРЕКЕТ ЖАСАМАҢЫЗ.
Қуат сымына ешнәрсе қоюға БОЛМАЙДЫ.
Бұл өнімді адамдар сымын басуы мүмкін жерге ҚОЙМАҢЫЗ.
Бұл өнімді сым созылатын немесе тартылатын жерге қоюға БОЛМАЙДЫ, себебі оның
үзіліп немесе тозып кетуі мүмкін.
Сым тозып кеткен жағдайда, өнімді не тұтқаны ҚОЛДАНБАҢЫЗ. Өнімді розеткадан
ажыратқан жағдайда, зақымдалған/тозған жерін қолмен ҰСТАМАҢЫЗ.
Айнымалы ток қуат сымының ортасынан ТАРТПАҢЫЗ, ортасынан тарту штепсельден
сымның бөлінуін туғызуы мүмкін. Олай істеу ток соғуға себеп болуы мүмкін.
Тағайындалмаған кабельдерді (немесе қосымша құрылғыларды) ҚОЛДАНБАҢЫЗ.
Олай істеу өртке немесе жарақат алуға себеп болуы мүмкін. Орнатуды пайдаланушы
нұсқаулығына сай дұрыс орындау керек.
Brother компаниясы ұзартқыш сымның ешқандай түрін ПАЙДАЛАНБАУДЫ ұсынады.
Бұл өнімді қуат сымын ешнәрсе қыспайтын не тартпайтын қалыпта қою керек.
Жылдам орнату нұсқаулығында сипатталған қолданыстағы техникалық сипаттамаға
сай келмейтін кабельдерді ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ. Олай істеу өртке немесе жарақат алуға
себеп болуы мүмкін. Егер қуат сымы осы өніммен бірге берілсе, ТЕК берілген сымды
пайдаланыңыз. Орнатуды Жылдам орнату нұсқаулығына сай дұрыс орындау керек.
АБАЙЛАҢЫЗ
Беттер өнімнен басылып шықпай тұрып, оларды шығарып алмаңыз. Себебі
саусақтарыңыз аппарат ішінде қалып қойып, жарақат алуыңыз мүмкін.
8