Product Safety Guide
Table Of Contents
- Өнімнің қауіпсіздік нұсқаулығы
- Құжатта қолданылған таңбалар мен шартты белгілер
- Жинақтау және жариялау туралы ескертпе
- Өнім үшін қауіпсіз орынды таңдаңыз
- Өнімді қауіпсіз қосу
- Өнімді қауіпсіз пайдалану
- Өнім кепілдігі және жауапкершілік
- Сауда белгілері
- Ашық бағдарламаның лицензиялау ескертпелері
- Авторлық құқық және лицензия
- Brother тұтынушыларды қолдау қызметіне
- Көшіру немесе сканерлеу жабдығын заңсыз пайдалану (Тек сканерлеу функциясы бар өнімдер)
Бұл өнімді БӨЛШЕКТЕМЕҢІЗ. Бұл өнімді бөлшектеу өрт не ток соғу қаупін тудыруы
мүмкін.
Бұл өнімді өз бетіңізбен жөндеуге ӘРЕКЕТТЕНБЕҢІЗ. Қақпақтарды ашу немесе шешу
қауіпті кернеу нүктелеріне және өзге қауіптердің пайда болуына, сонымен қатар кепілдік
күшінің жойылуына әкелуі мүмкін. Барлық қызмет көрсету жұмыстары туралы Brother
тұтынушыларды қолдау қызметіне немесе жергілікті Brother дилеріне хабарласыңыз.
Өнімнің қуат штепселіне ешбір металл жабдықты немесе сұйықтық түрін түсіріп
алмаңыз. Бұл ток соғуға немесе өртке себеп болуы мүмкін.
Егер су, басқа сұйықтық түрлері немесе металл заттар өнім ішіне түссе, өнімді электр
розеткадан дереу ажыратып, Brother тұтынушыларды қолдау қызметіне немесе
жергілікті Brother дилеріне хабарласыңыз.
Бұл өнімді паспорт тақтайшасында көрсетілген ауқымдағы айнымалы ток қуат көзіне
жалғау керек (Паспорт тақтайшасын аппараттан табуға болады). Оны тұрақты ток қуат
көзіне немесе түрлендіргішке қосуға БОЛМАЙДЫ. Егер қолда қандай қуат көзі бар екенін
білмесеңіз, электр маманына хабарласыңыз.
Өнімді қауіпсіз пайдалану
ЕСКЕРТУ
ЭЛЕКТР ҚАТЕРЛЕРІ
Осы бөлімдегі ескертпелерді орындамау ток соғу қатерін туғызуы мүмкін. Оған қоса,
өрт шығуына әкелуі мүмкін электр тогінің қысқа тұйықталуын туғызуы ықтимал.
Өнім түсіп кетсе немесе корпусы зақымдалса, ток соғу қаупі болуы мүмкін. Өнімді электр
розеткасынан ажыратып, Brother тұтынушыларды қолдау орталығына немесе жергілікті
Brother дилеріне хабарласыңыз.
6










