Product Safety Guide

Осы бөлімдегі ескертпелерді орындамау ток соғу қатерін туғызуы мүмкін. Оған қоса,
өрт шығу қаупін туғызатын электр тогының қысқа тұйықталуы мүмкін.
Өнім ішінде жоғары кернеулі электродтар бар. Тазалау сияқты жүйелі техникалық күтім
көрсетуді қамтитын жағдайларда өнімнің ішін ашпас бұрын, алдымен өнімнен телефон
сымын (тек MFC үлгілері) және одан кейін электр розеткасынан қуат сымын, сондай-ақ,
кез келген телефон/RJ-11 (тек MFC үлгілері) немесе Ethernet/RJ-45 кабельдерін (тек
желілік үлгілер) ажыратқаныңызды тексеріңіз.
Бұл өнімге кез келген заттарды ұялары немесе өнімдегі саңылалаулар арқылы
тықпаңыз, олардың қауіпті кернеу нүктерелеріне немесе қысқа тұйықталатын бөліктеріне
тиюі мүмкін.
Штепсельді ылғал қолдармен ҰСТАМАҢЫЗ. Олай істеу ток соғуға себеп болуы мүмкін.
Штепсельдің толық кіргенін әрқашан тексеріңіз. Сым тозып кеткен жағдайда, өнімді не
тұтқаны ҚОЛДАНБАҢЫЗ.
Оны тазалау үшін қуат штепселін жиі суырып тұрыңыз. Штепсел алмастарының түбі мен
алмастары арасын тазалау үшін құрғақ матаны қолданыңыз. Қуат штепселі розеткаға
ұзақ мерзімге жалғанған болса, штепсель алмастары айналасында шаң түзіледі, бұл
нәтижесінде өрт шығатын қысқа тұйықталуды туғызуы мүмкін.
5