Product Safety Guide

Өнімді әсіресе оның жанында балалар болып қалады деп ойласаңыз, оны тұрақсыз
арбаның, бағананың не үстелдің үстіне ҚОЙМАҢЫЗ. Өнім ауыр болғандықтан, құлап
кетуі мүмкін, ал бұл сіздің не өзгелердің жарақаттануына және өнімнің елеулі
зақымдалуына әкелуі мүмкін. Сканерлеу функциясы бар өнімдерге қатысты сканер
әйнегі сынған жағдайда қосымша жарақат алу қаупі бар.
Өнімді бос емес жерге қоймаңыз. Егер оны бос емес жерге қою керек болса, өнімді ол
кенет құлап кетпейтіндей қауіпсіз орынға қойыңыз, себебі ол сізді немесе басқаларды
жарақаттауы және өнімге қауіпті зақым келтіруі мүмкін.
Өнімге жалғанған кабельдері мен сымдарының, жарақат алуды туғызбайтын қауіпсіз
болуын қамтамасыз етіңіз.
Өнім үстіне ауыр заттарды ҚОЙМАҢЫЗ.
Өнім айналасына ешбір затты ҚОЙМАҢЫЗ. Мұндай заттар апат жағдайында электр
розеткасын жабады. Өнімді кез келген қажет уақытта токтан ажырата алу маңызды.
МАҢЫЗДЫ
Өнімді магниті бар немесе магниттік өрісті шығаратын құрылғылардың жанына
ҚОЙМАҢЫЗ. Олай істеу басып шығару сапасының ақаулықтарын туғызатын өнім
жұмысына зақым келтіруі мүмкін.
Өнімді еңкейтілген/майысқан бетке ҚОЙМАҢЫЗ. Сия картридждері орнатылғаннан
кейін өнімді ТӨҢКЕРМЕҢІЗ. Бұл әрекет сияның ағып кетуіне және өнімнің ішкі
бөліктерінің зақымдалуына әкелуі мүмкін.
Өнімді динамиктер немесе Brother компаниясының өнімі болып табылмайтын сымсыз
телефондар сияқты кедергі көздерінің жанына қоюға БОЛМАЙДЫ. Олай істеу өнімнің
электрондық бөліктерінің жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
Басылған беттерге немесе қабылданған факстарға (тек MFC үлгілері) бөгет келтіретін
затты өнім алдына ҚОЙМАҢЫЗ. Басылған беттердің немесе қабылданған факстардың
жолына (тек MFC үлгілері) бөгет келтіретін затты ҚОЙМАҢЫЗ.
Өнімді қауіпсіз қосу
ЕСКЕРТУ
ЭЛЕКТР ҚАТЕРЛЕРІ
4