Product Safety Guide

Өнім үшін қауіпсіз орынды таңдаңыз
ЕСКЕРТУ
Температура 10°C және 35°C аралығында, ал ылғалдылығы 20-80%, конденсациясыз,
аралығында болатын орынды таңдаңыз.
Өнімді тікелей күн сәулесіне, қатты ыстыққа, ашық жалынға, тоттандыратын газға,
ылғалға немесе шаңға қалдыруға БОЛМАЙДЫ. Олай істеу ток соғу, қысқа тұйықталу
немесе өнімге зақым келтіретін өрт қаупін туғызуы және/немесе оны істен шығаруы
мүмкін.
Өнімді химиялық заттардың жанына немесе үстіне химиялық заттар төгілуі мүмкін жерге
ҚОЙМАҢЫЗ. Химиялық заттар өнімге тисе, бұл өрт немесе ток соғу қаупін тудыруы
мүмкін. Нақты айтқанда, органикалық ерітінділер немесе бензин, бояу еріткіші, лак
өшіргіші сияқты сұйықтықтар, не болмаса дезодорант пластик жабынды және/немесе
кабельдерді ерітіп немесе бұзып, өрт не ток соғу қаупін тудыруы мүмкін. Осы не басқа
химиялық заттар өнімді бұзуы, оның түсін кетіруі мүмкін.
АБАЙЛАҢЫЗ
Өнімді дірілдемейтін және соғылмайтын тегіс, жазық, тұрақты бетке (мысалы, үстел)
қойыңыз. Өнімді телефон розеткасының (тек MFC үлгілерінде) және жерге тұйықталған
кәдімгі электр розеткасының жанына қойыңыз.
3