Product Safety Guide

(MFC-J6945DW/MFC-J6947DW)
Өнім ішіндегі сақтандыру немесе ескерту жапсырмаларының ешқайсысын алуға немесе
зақымдауға БОЛМАЙДЫ.
МАҢЫЗДЫ
Өнімнің жұмысындағы анық өзгеруі қызмет көрсету қажеттігін көрсетуі мүмкін.
Өнімді қабырға қосқыштары немесе автоматты таймерлер бақылайтын немесе көп
мөлшерде электр тогін қажет ететін үлкен құрылғы немесе басқа жабдық қосылған
желімен бірдей электр розеткасына ЖАЛҒАМАҢЫЗ. Оның қуат көзіне кедергі келтіруі
мүмкін. Қуат көзіне кедергі келтіру өнім жадындағы мәліметтерді жоюы және қуат
көзінің қайталанатын айналымы өнімге зақым келтіруі мүмкін.
Құрылғымен бірге берілген картридждерді ауыстыру үшін түпнұсқа сия картридждерін
қолдануды ұсынамыз. Түпнұсқа емес сия картридждерінің баспа механизміне зақым
келтіруі мүмкін. Сонымен бірге олар түстерінен айырмашылық тудыруы немесе сақтау
мерзіміне әсер етуі мүмкін. (Барлық түпнұсқа емес сия картридждері бұл мәселелерді
туғызбайды.)
Өнімнің үстіне заттарды қоюға БОЛМАЙДЫ. Бұдан өнім бұзылуы мүмкін.
Пайдалану туралы нұсқаулар орындалғанда, өнім дұрыс жұмыс істемесе, тек
пайдалану жөніндегі нұсқауларда қамтылған басқару элементтерін реттеңіз. Басқа
басқару элементтерінің дұрыс реттелмеуі зақым тудыруы мүмкін және өнімді қалыпты
жұмысына қалпына келтіру үшін білікті маманның араласуын талап етеді.
Өнім кепілдігі және жауапкершілік
Бұл нұсқаулықтағы ақпараттың ешқандай бөлігі қолданыста бар өнім кепілдігіне әсер
етпейді немесе ешқандай қосымша өнім кепілдігі ретінде қабылданбайды. Осы
нұсқаулықтағы қауіпсіздік нұсқауларын орындамау өнімнің кепілдігін жарамсыз етуі мүмкін.
15