Product Safety Guide
Table Of Contents
- Өнімнің қауіпсіздік нұсқаулығы
- Құжатта қолданылған таңбалар мен шартты белгілер
- Жинақтау және жариялау туралы ескертпе
- Өнім үшін қауіпсіз орынды таңдаңыз
- Өнімді қауіпсіз қосу
- Өнімді қауіпсіз пайдалану
- Өнім кепілдігі және жауапкершілік
- Сауда белгілері
- Ашық бағдарламаның лицензиялау ескертпелері
- Авторлық құқық және лицензия
- Brother тұтынушыларды қолдау қызметіне
- Көшіру немесе сканерлеу жабдығын заңсыз пайдалану (Тек сканерлеу функциясы бар өнімдер)
Өнімді тасымалдау кезінде науаларын (үлкен қағазды ұстау үшін кеңейтілген болса)
алып қойыңыз. Қағаздың салмағынан науалар құлап, жарақаттануға әкелуі мүмкін.
Сия теріге тиетін болса немесе аузыңызға не көзіңізге кіріп кететін болса, дереу мына
қадамдарды орындаңыз:
• Тері сияға тиетін болса, теріні дереу сумен және сабынмен жуыңыз.
• Егер сия көзге тисе, оны дереу сумен шайып, дәрігерге хабарласыңыз. Солай қалса,
ол қызаруды немесе аздап көздің бөртуін туғызуы мүмкін.
• Егер сия ауызға тисе немесе сияны жұтып қойсаңыз, түкіріп тастап, аузыңызды
шайыңыз да, дереу дәрігерге жолығыңыз. Сол күйінде қалдырсаңыз, ауруға себеп
болуы мүмкін.
• Сия картриджін ауыстырғанда сияны көзге тигізіп алудан абай болыңыз.
• Сия картридждерін балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз.
• Сия кеуіп кетуінің алдын алыңыз.
• Сия картридждерін арнайы нұсқау берілмейінше ШАЙҚАМАҢЫЗ. Картриджді
шайқағанда немесе айналдырғанда, сия ағып кетуі мүмкін.
• Сия картридждерін БӨЛШЕКТЕМЕҢІЗ. Сия көзге не теріге тиіп кетуі мүмкін.
Қағаздың қырын қолмен СИПАМАҢЫЗ. Қағаздың жіңішке және өткір қырлары
жарақаттауы мүмкін.
14










