Phau Ntawv Qhia
28 KZ
• Егер фен-қылшақ пайдалану барысында өшіп қал-
са, ауыстырғышты (3) «OFF» күйіне орнатыңыз,
электр розеткасынан желі бауының ашасын шыға-
рыңыз және шығу немесе кіру тесіктері бұғаттал-
мағандығын тексеріңіз.
• Құралды 10-15 минут суытып, содан кейін қайта-
дан қосыңыз. Құрылғыны пайдаланғанда ауа тесік-
терін бұғаттамаңыз және ауа кіретін тесіктерге (4)
шаштың түсуіне жол бермеңіз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
• Фен-қылшақ тек тұрмыста пайдалануға арналған.
• Ауыстырғышты (3) «OFF» күйіне қойыңыз, қуат
сымының ашасын электр розеткасынан суырып
алыңыз, орнатылған қондырма (1 немесе 6)
салқындағанша күтіңіз.
• Орнатылған қондырманы (1 немесе 6) шешіп
алыңыз.
• Қондырма қылшақты (1) шаштан тазалаңыз.
• Корпусты (5) және қондырма-концентраторды
(6) сәл дымқыл шүберекпен сүртіңіз, содан кейін
құрғатып сүртіңіз.
• Ауа тартқыш саңылауларды (4) қылшақша көме-
гімен тазалаңыз.
• Құрылғыны суға немесе кез-келген басқа сұй-
ықтықтарға батыруға тыйым салынады.
• Корпусты (5) және қондырмаларды (1, 6) тазалау
үшін абразивті тазалау құралдары мен еріткіштерді
пайдалануға тыйым салынады.
САҚТАЛУЫ
• Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз және
оны тазалаңыз.
• Ешқашан фен-қылшақты желі бауымен орамаңыз,
себебі бұл құрылғының немесе оның корпусының
бұзылуына әкелуі мүмкін.
• Құрылғыны салқын және құрғақ жерде, балалар-
дың және мүмкіндігі шектеулі адамдардың қол
жетімсіз жерде сақтаңыз.
ЖЕТКІЗІЛІМ ЖИЫНТЫҒЫ
1. Фен-қылшақ – 1 дн.
2. Қондырма қылшақ – 1 дана.
3. Қондырма-концентратор – 1 дн.
4. Нұсқаулық – 1 дн.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
• Қоректендіру кернеуі: 220-240 В, ~ 50/60 Гц
• Номиналды тұтыну қуаттылығы: 1200 Вт
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Аспапты жуынатын бөлмеде, душта,
бассейнде және т.б. су маңында пайда-
лануға болмайды.