Phau Ntawv Qhia

27KZ
Ауыстырғыш (3) көмегімен қажетті жұмыс режимін
белгілеңіз:
- «OFF» – фен сөндірілген
- «COOL» – «суық ауа» шығару
- «LOW» төмен жылдамдық, ауа қыздырудың
төмен температурасы
- «MED» орташа жылдамдық, ауаны қыздыру-
дың орташа температурасы
- «HIGH» – жоғары жылдамдық, ауаның қыздыру-
дың жоғары температурасы
Ескертпе: алғашқы пайдаланған кезде қыздыру эле-
ментінен бөтен иісі және аздаған түтін шығуы мүмкін,
бұл қалыпты жағдай және кепілдік оқиғасы болып та-
былмайды.
Шашты тарамдарға бөліңіз.
Сіздің шашыңыздың түріне байланысты, ауы-
стырғыш (3) арқылы қажетті жұмыс режимін ор-
натыңыз. Жұқа шашқа төмен және орташа ауа
қыздыру температурасын, ал қалың және қатты
шашқа жоғары ауа қыздыру температурасын қол-
даныңыз.
Шаштың бұйрасын түзету үшін қылшақты (1)
шаштың тамырына қарай қойып, қылшақты (1)
тұтамның соңына дейін баяу жүргізіңіз. Барлық
тұтамдардағы шашты түзетіңіз.
Бұйра тұтамдарын бұйралау үшін шаштың бір
тұтамын қылшаққа (1) бекітіңіз және тағы бір рет
қылшаққа (1) ораңыз.
Бұйра тұтамын бекіту үшін жұмыс режимінің
қосқышын ( 3) «COOL» – «суық ауа» шығару күйіне
қойыңыз, біраз уақыттан кейін бұйра тұтамын қыл-
шақтан (1) шешіп алыңыз.
Жұмыс режимі (3) ауыстырғышын «OFF» күйіне ор-
натып, фен-қылшақты өшіріңіз
ҚОНДЫРМА-КОНЦЕНТРАТОРДЫ (6) ПАЙ-
ДАЛАНУ
Қондырма-концентратор (6) сізге жоғары қарқынды
ауа ағынын белгіленген шаш тұтамына бағыттауға
мүмкіндік береді.
Қондырма-концентраторды (6) корпусқа (5) (сур. 2)
орнатыңыз, қондырма-концентратордың (6) сенімді
бекігендігіне көз жеткізіңіз.
Қуаттандыру бауының айырын электр розеткасына
салыңыз.
Жұмыс режимінің ауыстырғышы (3) арқылы, қажет-
ті температура мен ауа ағынының қарқындылығын
орнатыңыз.
Ауа ағынын шаштың қажетті аймағына бағыттаңыз.
Жұмыс аяқталғаннан кейін ауыстырғышты (3) «OFF»
күйіне орнатыңыз және желі бауының ашасын
электр розеткасынан суырыңыз.
Қондырма-концентраторды (6) шешіп алыңыз, ол
үшін бекітпе түймесін (2) төмен қарай басыңыз,
қондырманы (6) сағат тіліне қарсы «
» күйіне
бұрыңыз, түймені (2) босатыңыз.
ҚЫЗЫП КЕТУДЕН ҚОРҒАНЫС
Егер шығатын ауаның температурасы артып кетсе,
қызып кетуден қорғау жүйесі құрылғыны ажыратады.