Phau Ntawv Qhia
24
KZ
• Жұмыс режимдерінің ауыстырғышы (5) күйіне «0»
белгіленгеніне, ал желі бауының ашасы электр
розеткасына тығылмағанына көз жеткізіңіз.
• Қамырды илеуге арналған қондырманы (1)
немесе бұлғауышты (2) қондырмаларды орнатуға
арналған арнайы ұяларға (3) бекігенге дейін
тығыңыз. Екі қондырма да миксердің тесіктеріне
бекітілуі тиіс.
Ескертпе: қамырды араластыруға арналған қон-
дырманы (1) және араластыруға/бұлғауға арналған
бұлғауышты (2) бірге орнатуға және бір мезгілде
пайдалануға тыйым салынады.
• Қуаттандыру бауының ашасын электр розеткасы-
на тығыңыз.
• Қондырмаларды ингредиенттері бар сыйым-
дылыққа батырып, жұмыс режимдерінің ауысты-
рғышымен (5) миксерді қосыңыз және қондырма-
лардың қажетті айналу жылдамдығын «1, 2, 3, 4,
5» таңдаңыз.
«0» - миксер өшірулі.
«1» - ұн сияқты сусымалы және құрғақ өнімдерді
араластыруға арналған оңтайлы араластыру жыл-
дамдығы.
«2» - сұйықтықтар мен салат дәмдеуіштерін арала-
стыруға арналған оңтайлы жылдамдық.
«3» - торттар мен печеньелер қамырын дайындауға
арналған оңтайлы жылдамдық.
«4» - кремді бұлғауға, десерттер және т.б. дайында-
уға арналған оңтайлы жылдамдық.
«5» - жұмыртқаны, кремді бұлғауға, қант жылтырын,
коктейільдерді, картоп езбесін және т. б. дайындауға
арналған оңтайлы жылдамдық.
• Батырманы (4) басып ұстап тұрғанда, миксер
максималды жылдамдықта қосылады.
• Жұмыс барысында миксер корпусындағы желдету
саңылауларын жаппаңыз, бұл электромотордың
қызып кетуіне әкеп соғуы мүмкін.
• Жұмыс аяқталғаннан кейін жұмыс режимдері
ауыстырғышын (5) күйіне «0» орнатыңыз және қу-
аттандыру бауының ашасын электр розеткасынан
суырыңыз.
• Қондырмаларды (1) немесе бұлғауышты (2) ұстап
тұрып, батырманы (6) басыңыз және қондырманы
шығарып алыңыз.
Ескертпе: қондырмаларды жұмыс режимдерінің
ауыстырғышы (5) күйіне «0» орнатылған жағдайда
ғана ажыратуға болады.
ТАЗАЛАУЫ МЕН КҮТІМІ
• Құрылғыны сөндіріңіз және қуаттандыру бауының
ашасын розеткадан суырыңыз.
• Қондырмаларды (1) немесе бұлғауыштарды (2)
ұстап тұрып, батырмаға (6) басыңыз және қондыр-
маларды ажыратыңыз.
• Қондырмаларды (1 немесе 2) бейтарап жуу құра-
лы бар жылы сумен жуып, содан кейін кептіріңіз.










