Phau Ntawv Qhia
22
KZ
• Құрылғы корпусын, қуаттандыру бауын және қуат-
тандыру бауының ашасын су қолмен ұстамаңыз.
• Құрылғыны алғаш пайдалану алдында өнімдер-
мен түйісетін, барлық шешілмелі қондырмалар
мен бұлғауыштарды жақсылап жуыңыз.
• Жеткізілім жиынтығына кіретін шешілмелі қондыр-
малар мен бұлғауыштарды ғана пайдаланыңыз.
• Айналмалы қондырмалар мен бұлғауыштарға
тиіспеңіз. Қондырмалар немесе бұлғауыштардың
айналатын аймағына шаштың немесе киімнің
салбыраған элементтері түсуіне жол бермеңіз.
• Құрылғыны пайдалану алдында қондырмалардың
дұрыс орнатылғанына және бекітілгендігіне көз
жеткізіңіз.
• Қатты ингредиенттерді миксермен араластыруға
тыйым салынады, мысалы, салқындатылған сары
май немесе мұздатылған қамыр.
• Бұлауыш пен қамыр илейтін қондырма мен ала-
растыруға/бұлғауға арналған бұлғауышты бірге
орнатуға және бір мезгілде пайдалануға тыйым
салынады.
• Миксер жұмыс істеп тұрғанда қондырмаларды
орнатуға немесе шешіп алуға тыйым салынады.
• Миксер корпусының және қондырмалардың таза-
лауын мезгілімен жүргізіп отырыңыз.
• Балалардың қауіпсіздігі үшін қаптама ретінде пай-
даланылатын, полиэтилен пакеттерді қадағалау-
сыз қалдырмаңыз.
Назар аударыңыз! Балаларға полиэтилен пакет-
терімен немесе қаптама үлдірімен ойнауға рұқсат
етпеңіз. Тұншығу қаупі!
• Құрылғы балалардың пайдалануына арналмаған.
• Құрылғыны ойыншық ретінде пайдалануын болдыр-
мау үшін, балаларды қадағалаңыз.
• Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда балалар жұмыс
бетіне, құрылғы корпусына, қуаттандыру бауына
немесе қуаттандыру бауының ашасына тиісуіне
рұқсат бермеңіз.
• Егер жұмыс істеп тұрған құрылғының маңында бала-
лар немесе мүмкіндіктері шектеулі адамдар болса,
онда ерекше назарда болыңыз.
• Жұмыс істеу уақытында және жұмыс циклдері ара-
сындағы үзілістерде құрылғыны балалардың қолы
жетпейтін жерде орналастырыңыз.
• Дене, жүйке немесе сана мүмкіндіктері төмен-
детілген тұлғалардың (балаларды қоса) немесе
оларда тәжірибесі немесе білімі болмаса, егер олар
бақыланбаса немесе олардың қауіпсіздігі үшін жауап
беретін тұлғамен аспапты пайдалану туралы нұсқау-
лықтар берілген болмаса, аспап олардың пайдала-
нуына тағайындалмаған.
• Миксерді қолданар алдында қуаттандыру бауының
бүтіндігін тексеріңіз. Қуаттандыру бауы зақымданған-
да қауіп тудырмау үшін оны дайындаушы, сервистік
қызмет немесе баламалы білікті маман ауыстыруы
тиіс.










