Phau Ntawv Qhia
32 KZ
•  Электр  шайнекті  жылытатын  аспаптардың,  ашық 
оттың  немесе  жылу  көздерінің  тікелей  қасында 
пайдаланбаңыз.
•  Электр  шайнекті  аэрозольдар  пайдаланылатын 
немесе  шашырайтын  жерлерде,  сондай-ақ  тез 
тұтанатын сұйықтықтарға жақын жерлерде пайда-
лануға тыйым салынады.
•  Электр  шайнекті  тегіс  және  тұрақты  бетке  орна-
тыңыз,  оны  үстелдің  шетіне  қоймаңыз.  Желі  ба-
уының  үстелден  салбырамауын,  сондай-ақ  оның 
ыстық беткейлерге және өткір шеттерге тиіп тұрма-
уын қадағалаңыз.
•  Шайнектің  шүмегін  ағаш  жиһазға,  кітаптарға, 
ылғалдан  немесе  ыстық  будан бүлінетін  заттарға 
бағыттамаңыз.
•  Қуаттандыру бауы мен ашаға дымқыл қолмен тиі-
суге тыйым салынады.
•  Шайнекті сусыз қоспаңыз,  шайнекті толтырғаннан 
кейін қақпағын тығыз жабыңыз.
•  Шайнектегі судың деңгейі шайнек құтысы ішіне са-
лынған «MAX» максималды белгісінен жоғары бол-
мауын қадағалаңыз. Егер судың көлемі максимал-
дық белгіден асып тұрса, қайнаған кезде қайнаған 
су шайнектен тасып төгілуі мүмкін.
•  Суды қайнату кезінде ыстық буға күйіп қалмау үшін 
жұмыс істеп тұрған шайнектің шүмегіне төнбеңіз.
•  Суды  қайнатқан  кезде  шайнектің  қақпағын  ашуға 
тыйм салынады.
•  Шайнектің  беті  өте  жоғары  температурада  болуы 
мүмкін.  Шайнектің  қызған  беттеріне  тиіскен  кезде 
ұқыптылық пен абайлық сақтаңыз. Шайнекті тұтқа-
сынан ұстаңыз. 
•  Қайнаған суға толы шайнекті тасымалдаған кезде 
сақ  болыңыз.  Шайнек  суын  төккенде  абайлаңыз, 
шайнекті күрт еңкейтпеңіз, шайнекті ұқыпсыз пай-
даланғанда, сіз ыстық суға күйіп қалуыңыз мүмкін.
•  Тазалау  алдында,  немесе  егер  сіз  шайнекті  пай-
даланбасаңыз,  шайнекті  электр  желісінен  ажы-
ратыңыз.  Шайнек  түпқоймасын  электр  желісінен 
ажыратқан кезде тек қуат ашасынан ұстаңыз және 
оны  электр  розеткасынан  абайлап  шығарыңыз, 
қуат сымынан тартпаңыз – бұл қуат сымының және 
розетканың зақымдануына әкелуі және қысқа тұй-
ықталуды тудыруы мүмкін.
•  Электр  тогының  соғу  қаупін  болдырмас  үшін 
электр шайнекті суға  немесе  кез  келген  басқа да 
сұйықтыққа батырмаңыз.
•  Электр  шайнекті  ыдыс  жуатын  машинаға  салуға 
тыйым салынады.
•  Балалардың қауіпсіздігі мақсатында қаптама ретін-
де қолданылатын полиэтилен қапшықтарды қарау-
сыз қалдырмаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! 
Балаларға  полиэтилен  пакеттерімен  немесе  қап-
тама  үлдірімен  ойнауға  рұқсат  етпеңіз.  Тұншығу 
қаупі бар!










