User Manual
76 | Қaзақша
1 609 92A 2ZV | (22.6.16) Bosch Power Tools
Пайдалану нұсқаулары
Белгілеу үшін әрдайым тек лазер сызығының орталығын алыңыз.
Лазер сызығының ені қашықтықпен өзгереді.
Лазер сызықтарында белгілермен жұмыс істеу (A–B суретін қараңыз)
Лазер сызықтарында бағдарлау көмегі ретінде қызмет ететін бірдей
қашықтықтарда белгілер көрсетіледі. Белгілер қашықтықтары тек өлшеу
құралы қабырғаға перпендикуляр күйде бағдарланғанда ғана бірдей
болады. 90° бұрышты лазер нысанасы 9 көмегімен басқару мүмкін.
Өлшеу құралын керекті жайға қойып, қосыңыз да нивелирлендіріңіз. Лазер
нысанасын 9 арқа жағымен қабырғаға орнатыңыз. Өлшеу құралын тік лазер
сызығы лазер нысанасын жоғарғы мен төменгі қызыл белгілер арасынан
өтетін етіп бағыттаңыз.
Белгілер қашықтықтары өлшеу құралының қабырғаға дейінгі қашықтығына
байланысты. Қашықтық өзгерсе 90° бұрышты қайта бақылаңыз.
Тағанмен пайдалану
Штатив тұрақты және биіктігі реттелетін өлшеу табаны болады. Өлшеу
құралын штатив патронымен 5 штативтің 1/4" бұрандасына салып штативтің
бектікіш бұрандасымен бекітіңіз.
Өлшеу құралын қосудан алдын штативті бағыттаңыз.
Лазер көру көзілдірігі (керек-жарақтар)
Лазер көру көзілдірігі қоршау жарығын сүзгілейді. Ол арқылы лазердің
қызыл жарығы көз үшін жарқынырақ болады.
Лазер көру көзілдірігін қорғаныш көзілдірігі ретінде
пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру
үшін қызмет жасайды, бірақ ол лазер сәулесінен қорғамайды.
Лазер көру көзілдірігін күн көзілдірігі ретінде немесе жол
қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көрі көзілдірігі ультрафиолет
сәулелерінен толық қорғамай рең көру қабилетін азайтады.
OBJ_BUCH-2638-003.book Page 76 Wednesday, June 22, 2016 4:44 PM










