User Manual
Қaзақша | 71
Bosch Power Tools 1 609 92A 2ZV | (22.6.16)
Балалар лазер өлшеу құралын бақылаусыз пайдаланбасын. Олар
білмей адамдардың көзін шағылыстыру мүмкін.
Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған жарылыс қаупі
бар ортада өлшеу құралын пайдаланбаңыз. Өлшеу құралы ұшқын
шығарып, шаңды жандырып, өрт тудыруы мүмкін.
Өлшеу құралын кардиостимулятор жанына қоймаңыз.
Өлшеу құралының ішіндегі магнит арқылы кардиостимулятор
жұмысына әсер ететін өріс жасалады.
Өлшеу құралын магнитті дерек тасымалдаушылар мен магнитке
сезімтал аспаптардан алыс ұстаңыз. Магнит әсері қалпына келтіріп
болмайтын деректер жоғалтуына алып келуі мүмкін.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Тағайындалу бойынша қолдану
Өлшеу құралы көлденең және тік сызықтарды өлшеу және тексеруге
арналған.
Өлшеу құралы тек жабық жұмыс жайларында пайдалануға ғана арналған.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірі суреттер бар беттегі өлшеу құралының
сипаттамасына қатысты.
1 Қосқыш/өшіргіш
2 Лазер сәулесінің шығыс тесігі
3 Таған
4 Батарея бөлімі қақпағының құлпы
5 Штатив патроны 1/4"
6 Батарея бөлімі қақпағы
OBJ_BUCH-2638-003.book Page 71 Wednesday, June 22, 2016 4:44 PM










