User Manual

136 | Қaзақша
1 609 92A 277 | (8.11.16) Bosch Power Tools
Өлшеу аймағына әсерлер
Өлшеу аймағы жарықтық жағдайы мен нысандық аймақтың қайтару қасиеттеріне
байланысты. Сыртта жұмыс істеу кезінде лазер сәулесін жақсы көру үшін және
қатты күн нұрында лазер көру көзілдірігі 10 (жабдықтар) мен лазер нысандық
тақтаны 11 (жабдық) киіңіз, немесе нысандық аймақты қарайтыңыз.
Өлшеу нәтижесіне әсер ету
Физикалық әсерлерден түрлі беттердегі өлшеулер дұрыс орындалмауы мүмкін.
Мұндай беттерге жатады:
мөлдір беттер (мысалы әйнек, су),
шағылысатын беттер (мысалы жылтыраған метал, әйнек),
борқылдақ беттер (мысалы, оқшаулау материалдары),
құрылымдық беттер (мысалы, сылақ, табиғи тас).
Осы беттерде лазер нысандық тақтаны 11 (жабдық) пайдаланыңыз.
Қате өлшеулерді қисық көзделген насандық аймақтарда да орындау мүмкін.
Температурасы әр түрлі ауа қабаттары немесе көлбеу шағылысулар өлшеу
нәтижесіне кері әсер етуі мүмкін.
Дәлдікті тексеру мен көлбеуді өлшеуді калибрлеу
“Көлбеуді өлшеу”, “Сандық уровень” және “Жанама қашықтықыт өлшеу”
режимдерінде еңіс сенсоры іске қосылады. Осы режимді пайдалануда жүйелік
калибрлеуді ұсынамыз (“Негізгі параметрлер” мәзірі 131 бетінде қараңыз).
Сенсорлық экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Үлкен температура ауысуынан немесе соққылардан соң дәлдікті тексеруді және
керек болса өлшеу құралын калибрлеуді ұсынамыз. Температура ауысуынан соң
көлбеуді калибрлеуден алдын өлшеу құралы температурасын дұрыстауы керек.
Температура қатты өзгерсе өлшеу құралы автоматты калибрелуді ұсынады.
Қашықтықты өлшеудің дәлдігін тексеру
Қашықтықты өлшеудің дәлдігін төмендегідей тексеріңіз:
Ұзындығын өзіңіз дәл білетін, ұзақ уақыт өзгермейтін шам. 310 м өлшеу
қашықтығын таңдаңыз, (мысалы, бөлме ені, есік ойығы). Өлшеу қашықтығы
бөлме ішінде болуы керек, өлшеудің нысандық аймағы тегіс және жақсы
қайтаратын болуы керек.
Қашықтықты 10 рет өлшеңіз.
Бөлек өлшеулердің орташа көлемнен ауытқуы максималды ±2 мм болуы керек.
Өлшеулерді жазып, дәлдігін тексеріңіз.
OBJ_BUCH-2357-004.book Page 136 Tuesday, November 8, 2016 4:37 PM