User Manual
Қaзақша | 135
Bosch Power Tools 1 609 92A 277 | (8.11.16)
Мобильды соңғы құрылғының функцияларын кеңейту үшін және деректерді
өңдеуді оңтайландыру үшін арнайы Bosch бағдарламасы (App) “PLR measure&go”
қолжетімді. Оны қабылдаушы құралға байланысты тиісті дүкендерден сатып алуға
болады:
Bosch бағдарламаларын бастаудан соң мобильді құралмен өлшеу құралы
арасында байланыс жасалады. Бірнеше белсенді өлшеу құралы табылса керекті
өлшеу құралын таңдаңыз.
Байланыс күйі мен белсенді байланыс өлшеу құралының күй панелінде
көрсетіледі (a).
Bluetooth® j түймесін басқаннан соң байланыс 3 минут ішінде жасалмаса,
Bluetooth® батарея/аккумулятор құрал зарядын сақтау үшін автоматты түрде өшеді.
Bluetooth® ұяшығын өшіру
Bluetooth® ұяшығын өшіру үшін Bluetooth® түймесін j басыңыз немесе өлшеу
құралын өшіріңіз. Баламалы ретте Bluetooth® ұяшығын “негізгі параметрлер”
мәзірі арқылы белсендіру мүмкін ( 131 бетін қараңыз).
Пайдалану нұсқаулары
Өлшеу құралы радио ұяшығымен жабдықталған. Жергілікті пайдалану
шектеулерін, мысаоы ұшақтарда немесе емханаларда, сақтау керек.
Жалпы нұсқаулықтар
Қабылдау линзасы 9 мен лазер 8 шығысын өлшеуде жабуға болмайды.
Өлшеу кезінде өлшеу құралын жылжыту мүмкін емес (үздіксіз өлшеу мен
көлбеуді өлшеу функцияларының ерекшеліктері). Сол үшін өлшеу құралын
тұрақты тірек аймағына қойыңыз.
OBJ_BUCH-2357-004.book Page 135 Tuesday, November 8, 2016 4:37 PM










