User Manual
Қaзақша | 129
Bosch Power Tools 1 609 92A 277 | (8.11.16)
Мәзір планкасында қосымша функциялар бар (мысалы, Bluetooth® қосу/өшіру,
мәзір, жою).
Сенсорлық экранды пайдалану үшін тек саусақтарды пайдаланыңыз.
Тиісті түймешеге (жұмыстық бетке) жай тиіңіз. Сенсорлық экранға қатты
қысым немесе өткір заттармен баспаңыз.
Сенсорлық экранға басқа электр құрылғыларды немесе суды тигізбеңіз.
Сенсорлық экранды тазалау үшін өлшеу құралын өшіріп, қоқысты мысалы,
микроталшықты шүберекпен сүртіңіз.
Пайдалануға ендіру
Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз қалдырмаңыз және өлшеу
құралын пайдаланудан соң өшіріңіз. Лазер сәулесімен адамдардың көзін
шағылыстыру мүмкін.
Өлшеу құралын сыздан және тікелей күн сәулелерінен сақтаңыз.
Өлшеу құралына айрықша температура немесе температура
тербелулері әсер етпеуі тиіс. Оны мысалы автокөлікте ұзақ уақыт
қалдырмаңыз. Үлкен температура тербелулері жағдайында алдымен өлшеу
құралын температурасын дұрыстап соң пайдаланыңыз. Айрықша
температура немесе температура тербелулері кезінде өлшеу құралының
дәлдігі төменделуі мүмкін.
Өлшеу құралын қатты соққыдан немесе құлаудан сақтаңыз. Сыртқы күшті
әсерлерден кейін электр құралының жұмысын жалғастырудан алдын
әрдайым дәлдік тексеруін орындау керек (“Дәлдікті тексеру мен көлбеуді
өлшеуді калибрлеу” мен “Қашықтықты өлшеудің дәлдігін тексеру”, 136 бетін
қараңыз).
Қосу/өшіру
Өлшеу құралын қосу үшін өлшеу пернесіне 1 қысқа басыңыз. Өлшеу құралын
қосуда лазер сәулесі қосылмайды.
Өлшеу құралын өшіру үшін 1 өлшеу пернесін ұзақ басыңыз.
Егер шам. 5 мин соң өлшеу құралында ешбір түйме басылмаса, өлшеу құралы
батерея/аккумулятор зарядын үнемдеу үшін автоматты өшеді.
Өшуде сақталған мәндердің барлығы сақталады.
OBJ_BUCH-2357-004.book Page 129 Tuesday, November 8, 2016 4:37 PM










