User Manual

128 | Қaзақша
1 609 92A 277 | (8.11.16) Bosch Power Tools
o Параметрлер түймесі
p Өлшеу мәні тізімі түймесі
* Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен
қамтылмайды.
Жинау
Батареяларды салу/алмастыру
Өлшеу құралы үшін алкалин марганец батареясын немесе аккумуляторын
пайдалану ұсынылады.
1,2 вольттық аккумулятормен 1,5 вольттық батареяларға салыстырғанда
кемірек өлшеулерді орындау мүмкін.
Батарея бөлімінің қақпағын 4 ашу үшін тіреуіш тақтаны 3 ашып, 5 ысырмасын
көрсеткі бағытында басып, қақпақты шешіңіз. Батареяны немесе аккумуляторды
салыңыз. Батарея бөлімінің ішіндегі суретте көрсетілгендей полюстардың дұрыс
орналасуын қамтамасыз етіңіз.
Батарея белгісі дисплейде пайда болғаннан соң және кемінде 100 бөлек
өлшемдерді орындауға болады. Батарея белгісі бос болса, батареяларды немесе
аккумуляторды алмастыру қажет, өлшеулерді орындау мүмкін емес.
Барлық батареялар немесе аккумуляторларды бірдей алмастырыңыз. Тек бір
өңдірушінің және қуаты бірдей батареялар немесе аккумуляторларды
пайдаланыңыз.
Ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, батареяны немесе аккумуляторларды
өлшеу құралынан алып қойыңыз. Ұзақ уақыт жатқан батареялар немесе
аккумуляторлар тот басуы және зарядын жоғалтуы мүмкін.
Пайдалану
Сенсорлық экранды пайдалану
Сенсорлық экран зақымдары көрінетін болса, өлшеу құралын
пайдаланбаңыз (мысалы, беттегі сызаттар т.б.).
Дисплей күй панелі (A) және сенсорлық экран (B) мәзір
панелімен (C) аймақтарына бөлінеді.
Күй панелі Bluetooth® байланыс күйін, температура
ескертуін және батарея/аккумулятордың зарядтау күйін
көрсетеді.
Сенсорлық экран арқылы өлшеу құралын түймеге тиіп
басқару мүмкін.
A
C
B
OBJ_BUCH-2357-004.book Page 128 Tuesday, November 8, 2016 4:37 PM