User Manual
Қaзақша | 111
Bosch Power Tools 1 609 92A 276 | (8.11.16)
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Өлшеу құралын тек жеткізілген қорғайтын қабында сақтаңыз немесе
тасымалдаңыз.
Өлшеу құралын таза ұстаңыз.
Өлшеу құралын суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Жуғыш заттарды немесе
еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Қабылдау линзасын 12 көзілдірік немесе фотоаппарат линзасы күтіміндей
күтіңіз.
Жөндеу үшін өлшеу құралын қорғау қалтасында 17 жіберіңіз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту, сондай-ақ қосалқы
бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы
бөлшектер туралы ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
www.bosch-pt.com
Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және олардың қосалқы
бөлшектері туралы сұрақтарыңызға тиянақты жауап береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде
өнімдің зауыттық тақтайшасындағы 10-санды өнім нөмірін жазыңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу
және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош”
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында
орындалады.
ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті,
денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату
әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
OBJ_BUCH-2355-005.book Page 111 Tuesday, November 8, 2016 4:55 PM