User Manual
Қaзақша | 89
Bosch Power Tools 1 609 92A 266 | (1.9.16)
Өз нивелирлеу ±4 ° аймағының сыртында нивелирлеу автомати-
касымен жұмыс істеу мүмкін емес, әйтпесе лазер сызықтары бір
біріне тік бұрышта болуын қамтамасыз ету мүмкін болмайды.
Пайдалану кезінде қағылыстар болса немесе күй өзгерсе өлшеу
құралы автоматты ретте өзін нивелирлейді. Жаңа нивелирлеуден соң
қателердің лазер сызықтарының күйін негізгі нүктелерге салыстырып
тексеріңіз.
Қисаю функциясы бұрыш көрсеткішімен
Осы жұмыс түрінде өлшеу құралы еркін бағытталатын горизонталды
мен екі қиылған лазер сызықтарын жасайды. Қисаю бұрышы
дисплейде көрсетіледі.
Нысандық тақтамен бағыттау (G суретін қараңыз)
Дисплейдегі қисаю бұрышын қабырғадағы шығып тұрған лазер
сызығын сәйкестендіру үшін өлшеу құралын нысандық тақтамен
дәлдеу керек. Нысандық тақтаны қабырғаға қойыңыз. Нивелирлеу
автоматикасы жұмыс түрінде қиысқан сызықтар режимін немесе
вертикалды режимді таңдаңыз. Лазер сызығы нысандық тақтаның
жоғарғы мен төменгі қызыл белгілер арасынан өтуін қамтамасыз
етіңіз. Қисаю функциясы бұрыш көрсеткішімен жұмыс түрінің
режимін таңдап лазер сызығын керекті бұрышта қабырғаға
шығарыңыз. Осында өлшеу құралын 10 °-дан көп алға (лазер
бағытында) немесе артқа (дисплей бағытында) қисайтпаңыз. Әйтпесе
өлшеу дәлдігі нашарлауы мүмкін.
Сандық деңгей
Өлшеу құралы көлденең тік сызықтарды тексереді. Лазерлік
сызықтар шықпайды.
Лазер шығыс тесігінің жағы негізгі қыр ретінде қызмет етеді. Бұрышты
өлшеу үшін осы негізгі қырды өлшенетін көлденең немесе тік
деңгейге бағыттаңыз. Осында өлшеу құралын 5 °-дан көп алға (лазер
бағытында) немесе артқа (дисплей бағытында) қисайтпаңыз. Әйтпесе
өлшеу дәлдігі нашарлауы мүмкін.
OBJ_BUCH-2142-006.book Page 89 Thursday, September 1, 2016 3:57 PM










