User Manual

Қaзақша | 31
Bosch Power Tools 1 609 92A 26T | (7.9.16)
Нивелирлеу автоматикасы
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу
(FG суреттерін қараңыз)
Өлшеу құралын көлденең жылжымайтын табанға қойып,
қабырғалық ұстағышта 14 немесе штативте 13 бекітіңіз.
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс түрін таңдаңыз.
Қосудан соң нивелирлеу автоматикасы ±4° өз нивелирлеу
аймағындағы тегіс еместіктерді автоматты тегістейді.
Лазер сызықтары немесе тіктеу сәулелері басқа
қозғалмаса нивелирлеу аяқталды.Ағымдық жұмыс түрінің
көрсеткіші 5 жасыл жанады.
Егер автоматты нивелирлеу мүмкін болмаса, мысалы
өлшеу құралының тұратын жері көлденең сызықтан 4°
көпке ажырап тұрса, 4 дисплейінде индикатор қызыл
түсте жыпылықтап лазер автоматты өшеді. Бұл жағдайда
өлшеу құралын көлденең қойып, нивелирлеу аяқталғанша
күте түрыңыз. Өлшеу құралы ±4° өз нивелирлеу
аймағының ішінде болған кезде дисплейінің жұмыс түрі
көрсеткіші 5 жасыл түсте жанып лазер қосылады.
Өз нивелирлеу ±4 ° аймағының сыртында нивелирлеу
автоматикасымен жұмыс істеу мүмкін емес, әйтпесе лазер
сызықтары бір біріне тік бұрышта болуын қамтамасыз ету
мүмкін болмайды.
Пайдалану кезінде қағылыстар болса немесе күй өзгерсе
өлшеу құралы автоматты ретте өзін нивелирлейді. Жаңа
нивелирлеуден соң қателердің алдын алу үшін лазер
сызықтарының немесе тегістеу сәулелерінің күйін негізгі
нүктелерге салыстырып тексеріңіз.
Нивелирлеу автоматикасынсыз жұмыс істеу
Нивелирлеу автоматикасы өшкенде өлшеу құралын еркін
қолда ұстау немесе қисайған табанға қою керек. Екі лазер
сызықтары бір біріне тік тұрмайды.
Екі лазер сызығы бір біріне тік ретте жатуын қамтамасыз
ету үшін, өлшеу құралын қабырғаға 90° бұрышында
орналастырыңыз.
Пайдалану нұсқаулары
Белгілеу үшін әрдайым тек лазер сызығының
орталығын алыңыз. Лазер сызығының ені
қашықтықпен өзгереді.
Тағанмен пайдалану (H суретін қараңыз)
Штатив 13 тұрақты және биіктігі реттелетін өлшеу табаны
болады. Өлшеу құралын штатив патронымен 8 штативтің
1/4" бұрандасына салып, штативтің бекіткіш
бұрандасымен бекітіңіз.
Қабырғалық ұстағышшты пайдалану
(керек-жарақтар)
Қабырғалық ұстағышпен 14 өлшеу құралын кез келген
биіктікте тұрақты бекіту мүмкін.
Қабырғалық ұстағышты орнату (I суретін қараңыз):
Қабырғаға бекіту үшін қысу тақтасы 16 қайырылған болуы
керек. 15 пернелерін қысу тақтасынын (a) екі жағында
басып, қысу тақтасын қайырыңыз (b) да, аз төменге
жылжытып тіретіңіз (c).
Өлшеу құралының биіктігін реттеу үшін қысу тақтасын 16
6 см жоғарыға немесе төменге жылжыту мүмкін. ол үшін
15 пернелерін қсу тақтасының екі жағында басып, қысу
тақтасын керекті биіктікке жылжытып қайта тіретіңіз.
Қабырғалық ұстағыш жанындағы шкала биіктігін реттеуде
көмектеседі.
Қабырғалық ұстағышты бекіту (J суретін қараңыз):
Қабырғалық ұстағышты 14 қайырылған қысу тақтасымен
16 қабырғада тік бекітіңіз. Сырғудан, мысалы, бекіту екі
бұрандасымен 17 (стандартты) сақтап бекітіңіз.
Қабырғалық ұстағыштың 1/4"-бұрандасын 18 өлшеу
құралының штатив қысқышына 8 бұрап бекітіңіз.
Үстел штативі ретінде пайдалану (K суретін қараңыз):
Тіктеу сәулесі жұмыс түрінде төменгі тіктеу сәулесінің 3
көрінетінін жақсарту мүмкін, егер өлшеу құралы тікелей
табанға емес, жиналған қабырғалық ұстағышта 14
орнатылатын болса.
Ол үшін қабырғалық ұстағышты көлденең тұрақты, тегіс
табанға қойыңыз. 15 пернелерін 16 қысу тақтасында
басыңыз (a). Қысу тақтасын тірелгенше қабырғалық
ұстағыштың жоғарғы жағына жылжытыңыз (b). Қысу
тақтасын төменге бұраңыз (c). Қабырғалық ұстағыштың
1/4"-бұрандасын 18 өлшеу құралының штатив
қысқышына 8 бұрап бекітіңіз. Сосын қысу тақтасын
қабырғалық ұстағышта тіретіңіз.
Орнатылған өлшеу құралын төменгі тіктеу сәулесі 3 еркін
төменге көрсететін етіп бұраңыз. Керек болса қысу
тақтасын қайта аз қайырып, 1/4"-бұранданы 18 өлшеу
құралын теңестіру үшін босатыңыз.
Лазер көру көзілдірігі (керек-жарақтар)
Лазер көру көзілдірігі қоршау жарығын сүзгілейді. Ол
арқылы лазердің қызыл жарығы көз үшін жарқынырақ
болады.
Лазер көру көзілдірігін қорғаныш көзілдірігі
ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер
сәулесін жақсырақ көру үшін қызмет жасайды, бірақ ол
лазер сәулесінен қорғамайды.
Лазер көру көзілдірігін күн көзілдірігі ретінде
немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер
көрі көзілдірігі ультрафиолет сәулелерінен толық
қорғамай рең көру қабилетін азайтады.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Өлшеу құралын тек жеткізілген қорғайтын қабында
сақтаңыз немесе тасымалдаңыз.
Өлшеу құралын таза ұстаңыз.
Өлшеу құралын суға немесе басқа сұйықтықтарға
батырмаңыз.
Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Лазер шығыс тесігіндегі аймақтарды сапалы тазалайтын
қылшықтарға назар аударыңыз.
Жөндеу үшін өлшеу құралын қорғау қалтасында 20
жіберіңіз.
OBJ_BUCH-784-010.book Page 31 Wednesday, September 7, 2016 12:16 PM