User Manual

Қaзақша | 37
Bosch Power Tools 1 609 92A 2AN | (14.3.16)
Берілген діріл көлемі электр құралының негізгі
жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа
жұмыстар үшін түрлі керек-жарақтармен басқа алмалы-
салмалы аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен
пайдаланылса дірілдеу көлемдері өзгереді. Бұл жұмыс
барысындағы діріл қуатын арттырады.
Дірілдеу қуатын нақты есептеу үшін құрал өшірілген және
қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру
қажет. Бұл дірілдеу қуатын бүкіл жұмыс уақытында қатты
төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.
Сәйкестік мәлімдемесі
Жеке жауапкершілікпен біз „Техникалық мәліметтер“ де
сипатталған өнімнің 2011/65/EU, 2014/30/EU,
2006/42/EC ережелеріндегі барлық тиісті анықтамала-
рына өзгерістері менен бірге сәйкес екенін және
төмендегі нормаларға сай екенін кепілдендіреміз:
EN 60745-1, EN 60745-2-1, EN 50581.
Техникалық құжаттар (2006/42/EC) төмендегідеi:
Robert Bosch Power Tools GmbH, PT/ETM9,
70538 Stuttgart, GERMANY
Robert Bosch Power Tools GmbH
70538 Stuttgart, GERMANY
Stuttgart, 01.01.2017
Жинау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Қосымша тұтқа
Электр құралыңызды тек қосымша тұтқа 2 менен
пайдаланыңыз.
Қосымша тұтқаны 2 редуктор басының бұрандасына 9
бұраңыз.
Жұмыс құралын ауыстыру
Аспап патронына 4 MK2 Морзе кегелі бар бұрғылау
аспаптары тікелей орнатылуы мүмкін. MK1 Морзе
кегельдік бұрандалар үшін азайту төлкесін 11
пайдаланыңыз.
Морзе кегелі мен Морзе конусының майланбауына көз
жеткізіңіз.
Цилиндрлік тұтқалық бұрғылау аспаптарын тісті тәждік
бұрғалау патронымен пайдалану 13 мүмкін. Ол үшін
конусты жақтауды 12 аспап патронына салып, 4 тісті
тәждік бұрғы патронын 13 бекітіңіз.
Морзе кегелін немесе конустық жақтауды салуда
күш салмаңыз. Бұл аспап патронының және салынған
аспаптың зақымдануын түдыруы мүмкін.
Салынған аспапты шешер алдында қосымша тұтқаны 2
алып қойыңыз.
Аспап итеру сынасын 10 ойығына 3 салғанда дөңгелек
жағы қысылмалы тақтаға 1 көрсетуі керек.
Егер аспап итеру сынасы 10 редуктор шпинделіне
салынбаса алмалы-салмалы аспапты аздап бұрыңыз.
Аспап итеру сынасын 10 қысылмалы тақта 1 бағытында
басып, алмалы-салмалы аспапты аспап патронынан
шығарыңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.
Берілістің механикалы таңдалуы
Беріліс ауыстырып-қосқышын 7 тек электр құралы
тоқтағаннан соң пайдаланыңыз.
Беріліс ауыстырып-қосқышынында 7 2 айналымдар
сандарының көлемін таңдау мүмкін.
І-басқыш
Төмен айналымдар саны; үлкен бұрғылау
диаметрімен жұмыс істеу үшін.
ІІ-басқыш
Жоғары айналымдар саны; кіші бұрғылау
диаметрімен жұмыс істеу үшін.
Henk Becker
Executive Vice President
Engineering
Helmut Heinzelmann
Head of Product Certification
PT/ETM9
OBJ_DOKU-40884-002.fm Page 37 Monday, March 14, 2016 8:31 AM