User Manual
44 | Қaзақша
1 609 92A 278 | (9.12.16) Bosch Power Tools
Плиткаларды туралау үшін негізгі нүкте өлшеу құралының тікелей
алдындағы лазер сызықтарының айқасу нүктесі P. Бұрышты өткізу
үшін өлшеу құралын осы айқасу нүктесінде бұрау керек, E суретін
қараңыз.
Өлшеу құралын тек таза қабырға ұстағышына 13 орнатыңыз.
Қабырға ұстағышының беті тегіс емес және ластанған болса өлшеу
құралы жалпақ жатпай өлшеу нәтижелері дұрыс болмайды.
Өлшеу құралын орналастыру
Еденде жұмыс істегенде өлшеу құралын едендік плитамен 10 еденге
қойыңыз. Оны T қырымен 7 қабрығаға қойғаныңызда 0° лазер сызығы
негізгі сызыққа параллельді болуы тиіс (мысалы, қабырға), A суретін
қараңыз. Лазер сызығы мен негізгі сызық аралығын өлшеу құралында және
өлшеу құралынан ең ұзақ қашықтықта өлшеңіз. Екі аралықтарды бірдей етіп
өлшеу құралын туралаңыз.
Қабырғада жұмыс істегенде алдымен қабырға ұстағышын 13 қабырғада
бекітің, мысалы, қабырға ұстағышын тесігімен қабырғадан аз шығып тұрған
бұрандаға орнатыңыз. Соссын қабырға ұстағышын бекіту үшін бұранданы
тартыңыз, D суретін қараңыз. Өлшеу құралын магниттермен қабырғалық 8
қабырға ұстағышыңың 13 енендік тақтасында 10 орнатыңыз.
3 мен 5 ватерпастары лазер сызығын қабырғада дәл орналастыруға
көмектеседі.
– Көлденең бағытталуда көбіршік ватерпастың 3 белгісінің ішінде болкы
керек, сол белгі көлденең лазер сызығының ұзартқышында жатады,
A суретін қараңыз.
– Диагоналды бағытталуды көбіршік ватерпастың 5 белгісінің ішінде
жатуы керек, B суретін қараңыз.
Лазер көру көзілдірігі (керек-жарақтар)
Лазер көру көзілдірігі қоршау жарығын сүзгілейді. Ол арқылы лазердің
қызыл жарығы көз үшін жарқынырақ болады.
Лазер көру көзілдірігін қорғаныш көзілдірігі ретінде
пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру
үшін қызмет жасайды, бірақ ол лазер сәулесінен қорғамайды.
Лазер көру көзілдірігін күн көзілдірігі ретінде немесе жол
қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көрі көзілдірігі ультрафиолет
сәулелерінен толық қорғамай рең көру қабилетін азайтады.
Падалану мысалдары
Квадрат плитка үлгісімен орнату (А суретін қараңыз)
Өлшеу құралын бұрышта орнатыңыз, 0° лазер сызығы қабырғаға
параллельді болып өлшеу құралының T тәрізді қыры 7 қабырғада жатуы
керек. Алғашқы квадраттық плитканы 0°- мен 90° лазер сызығының айқасу
нүктесінде салыңыз.
Диагоналды үлгіде орнату (В суретін қараңыз)
Өлшеу құралын 90° шкала 6 тікелой қабырғада жататын етіп орнатыңыз.
P қиылысу нүстесіндегі алғашқы диагоналды плиткамен бастаңыз.
Шетінен плитка салу (C суретін қараңыз)
Өлшеу құралын L тәрізіді қырымен 11 плитка салатын қырына қойыңыз. 90°
лазер сызығы қырға параллельді болып өтуі керек. 0° лазер сызығы енді
төменгі плиткалар жолағын белгілейді.
Асхана бұрышында плитка салу (D суретін қараңыз)
Алдымен алғашқы плиткалар жолағы басталатын биіктікті өлшеңіз. Өлшеу
құралын қабырғада тік орнатыңыз, 90° лазер сызығы бірінші плиткалар
жолағының төменгі қырын көрсетуі керек.
OBJ_BUCH-994-007.book Page 44 Friday, December 9, 2016 3:42 PM










