User Manual
Қaзақша | 41
Bosch Power Tools 1 609 92A 278 | (9.12.16)
Өлшеу құралы ескерту тақтасымен жабдықталған (өлшеу
құралының суретінде графика бетінде 15 нөмірімен белгіленген).
Егер ескерту жапсырмасы сіздің еліңіз тіліде болмаса, алғашқы
пайдаланудан алдын оның орнына сіздің еліңіз тілінде болған
жапсырманы жабыстрыңыз.
Лазер сәулесін адам немесе жануарларға
бағыттамаңыз және өзіңіз де тікелей немесе шағылған
лазер сәулесіне қарамаңыз. Осылай адамдардың көзін
шағылдыруы мүмкін, сәтсіз оқиғаларға алып келуі және
көзді зақымдауы мүмкін.
Егер лазер сәулесі көзге түссе көздерді жұмып басты сәуледен ары
қарату керек.
Лазер құрылығысында ешқандай өзгертуды орындамаңыз.
Лазер көру көзілдірігін қорғаныш көзілдірігі ретінде
пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру
үшін қызмет жасайды, бірақ ол лазер сәулесінен қорғамайды.
Лазер көру көзілдірігін күн көзілдірігі ретінде немесе жол
қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көрі көзілдірігі ультрафиолет
сәулелерінен толық қорғамай рең көру қабилетін азайтады.
Өлшеу құралын тек білікті маманға және арнаулы бөлшектермен
жөндетіңіз. Сол арқылы өлшеу құрал қауіпсіздігін сақтайсыз.
Балалар лазер өлшеу құралын бақылаусыз пайдаланбасын. Олар
білмей адамдардың көзін шағылыстыру мүмкін.
Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған жарылыс қаупі
бар ортада өлшеу құралын пайдаланбаңыз. Өлшеу құралы ұшқын
шығарып, шаңды жандырып, өрт тудыруы мүмкін.
Өлшеу құралын кардиостимулятор жанына қоймаңыз.
Магниттер 8 арқылы кардиостимулятор жұмысына әсер
ететін өріс жасалады.
Өлшеу құралын магнитті дерек тасымалдаушылар мен магнитке
сезімтал аспаптардан алыс ұстаңыз. Магниттердің 8 әсері қалпына
келтіруге болмайтын деректерді жоғалтуға алып келуі мүмкін.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Тағайындалу бойынша қолдану
Өлшеу құралы плиткалар мен ламинатты көлденең және диагоналды
туралауға арналған.
Өлшеу құралы 3 603 F64 000 тек жабық жұмыс жайларында пайдалануға
ғана арналған.
IEC 60825-1:2014,
< 1 mW, 635 nm
Laser Radiation
Do not stare into beam
Class 2 laser product
OBJ_BUCH-994-007.book Page 41 Friday, December 9, 2016 3:42 PM










