User manual
144 | Қaзақша
1 609 92A 0GE | (6.3.14) Bosch Power Tools
Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді тұйықтауы мүмкін
қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден, шегелерден, винттерден
және басқа ұсақ металл заттардан алыс сақтаңыз. Аккумулятор
түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі
мүмкін.
Дұрыс пайдаланбаған аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін. Оған
тимеңіз. Кездейсоқ тигенде, тиген жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық
көзге тисе, медициналық көмек алыңыз. Аккумулятордағы сұйықтық теріні
тітіркендіруі немесе күйдіруі мүмкін.
Аккумулятордан зақымданған немесе дұрыс пайдаланбаған жағдайда
бу шығуы мүмкін. Бұл жағдайда ішке таза ауа кіргізіңіз және шағымдар
болса, медициналық көмек алыңыз. Булар тыныс алу жолдарын
тітіркендіруі мүмкін.
Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші көрсеткен зарядтау
құрылғысымен зарядтаңыз. Зарядтау құрылғысы белгілі бір
аккумуляторлар түріне жарайды және оны басқа аккумуляторларды зарядтау
үшін пайдаланса, өрт себебі болуы мүмкін.
Бұл аккумуляторларды тек өзіңіздің Bosch өніміңізде пайдаланыңыз.
Тек осы жағдайда аккумулятор ауыр шамадан тыс жүктемелерден қорғалған
болады.
Тек Bosch аккумуляторлық фонарының зауыттық тақтайшасында
көрсетілген кернеуі бар түпнұсқа Bosch аккумуляторларын
пайдаланыңыз. Басқа аккумуляторларды, мысалы, көшірмелерді, қалпына
келтірілген аккумуляторларды немесе басқа маркалы аккумуляторларды
пайдаланғанда, батарея жарылған кезде жарақаттар алу және мүлікті
зақымдау қаупі бар.
Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы
аккумулулятор зақымдануы мүмкін.
Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін.
Аккумуляторлық фонарьді кардиостимуляторға
жақындатпаңыз. Аккумуляторлық фонарь магнит арқылы
кардиостимулятор жұмысына әсер ететін өріс туындатады.
Аккумуляторлық фонарьді магнитті дерек тасымалдаушылар мен
магнитке сезімтал аспаптардан алыс ұстаңыз. Магнит әсері қалпына
келтіруге болмайтын деректердің жоғалуына алып келуі мүмкін.
OBJ_BUCH-2104-002.book Page 144 Thursday, March 6, 2014 1:22 PM