User manual
Қaзақша | 143
Bosch Power Tools 1 609 92A 0GE | (6.3.14)
Қaзақша
Өндіру күні нұсқаулықтың соңғы, мұқаба бетінде көрсетілген.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Аккумуляторлық фонарьлар үшін қауіпсіздік техникасы
бойынша нұсқаулық
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді
оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр
жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Аккумулятормен немесе электр құралмен бірге берілетін бүкіл
ескертулерді және нұсқаулықтарды оқып шығыңыз және орындаңыз.
Аккумуляторлық батареямен жарылыс қаупі жоқ ортада жұмыс істеңіз.
Автоматты өшуден кейін аккумуляторлық фонарьдың
қосқышын/өшіргішін баспаңыз. Аккумулятор зақымдалуы мүмкін.
Жарық сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және
тіпті алыстан болсын жарық сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
Тек түпнұсқа Bosch керек-жарақтарын пайдаланыңыз.
Аккумуляторлық фонарьды пайдалану кезінде фонарьдың жарық
басын жаппаңыз. Пайдалану кезінде фонарьдың жарық басы қызады және
әбден қызса, күйіктердің себебі болуы мүмкін.
Жол қозғалысы кезінде аккумуляторлық фонарьды пайдаланбаңыз.
Аккумуляторлық фонарь жолда жарықтандыруға арналмаған.
Аккумуляторлық фонарьмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату,
қызмет көрсету және т.б.) бастамай тұрып, сондай-ақ, аккумуляторлық
фонарьды тасымалдау және сақтау кезінде аккумуляторды алыңыз.
Балалардың аккумуляторлық батареяны пайдалануына жол бермеңіз.
Ол кәсіби пайдалануға арналған. Балалар кездейсоқ өздерінің немесе
адамдардың көзін шағылыстыруы мүмкін.
Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар.
Мысалы, аккумуляторды жылудан, сондай-ақ, үздіксіз күн
жарығынан, оттан, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу қаупі
бар.
OBJ_BUCH-2104-002.book Page 143 Thursday, March 6, 2014 1:22 PM