User manual
Қaзақша | 133
Bosch Power Tools 1 609 92A 2KK | (24.2.16)
Зарядтау құралын таза ұстаңыз. Құралдың ластануы тоқ соғуы қаупін
туындатады.
Әр пайдаланудан алдын зарядтау құралын, кабельді және айырды
тексеріңіз. Ақауды байқасаңыз зарядтау құралын пайдаланбаңыз.
Зарядтау құралын өзіңіз ашпаңыз, оны тек білікті маманға және
түпнұсқалы бөлшектермен жөндетіңіз. Зақымдалған зарядтау құралы,
кабель және айыр электр тоғының соғу қаупін арттырады.
Аккумулятордан зақымданған немесе дұрыс пайдаланбаған жағдайда
бу шығуы мүмкін. Бұл жағдайда ішке таза ауа кіргізіңіз және шағымдар
болса, медициналық көмек алыңыз. Булар тыныс алу жолдарын
тітіркендіруі мүмкін.
Зарядтау құралын қосулы күйде оңай жанатын беттердің (мысалы,
қағаз, мата және т.б.) үстіне қоймаңыз немесе жанғыш заттардың
жанында пайдаланбаңыз. Зарядтау кезінде зарядтау құралының қызуы
себебінен өрт қаупі пайда болады.
Зарядтау құралының саңылауын жаппаңыз. Әйтпесе зарятау құралы
қызып, дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Құрамды бөлшектер нөмірі суреттері берілген зарядтау құралының
сипаттамасына сәйкес.
1 Аккумулятор*
2 Аккумулятор зарядының қызыл жарық диоды
3 Аккумулятор зарядының жасыл жарық диоды
4 Зарядтау науасы
*Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен
қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
Техникалық мәліметтер
Зарядталу құралы AL 1815 CV AL 1830 CV
Өнім нөмірі
2 607 226 0.. 2 607 225 96.
Аккумулятор зарядтау кернеуі
(автоматты зарядтауды айқындау) В 14,4 – 18 14,4 – 18
Зарядтау тоғы
A1,5 3,0
Рұқсат етілген зарядтау
температурасы аймағы
°C 0–45 0–45
* Аккумулятор заряды 80%. Аккумуляторды пайдалануға болады.
OBJ_BUCH-2418-003.book Page 133 Wednesday, February 24, 2016 11:26 AM