Use and care guide
19
KZ
ТОҢАЗЫТҚЫШ БӨЛІМІ
Тоңазытқыш - дайын тамақ, балғын және
консервіленген тағамды, сүт тағамдарын,
жеміс және көкөністер мен сусындарды
сақтау үшін ыңғайлы орын.
АУА ЦИРКУЛЯЦИЯСЫ
Ауаның тоңазытқыш бөлімінің ішіндегі табиғи
циркуляциясы түрлі температуралы аймақтардың
түзілуін тудырады. Жеміс және көкөніс сақтау
бөлімінің үстінде және артқы қабырға аймағы аса
суық. Бөлімнің жоғарғы алдыңғы жағы аса жылы.
Желдетудің жеткіліксіздігі қуат тұтынылуының
артуына және тоңазытқыш өнімділігінің азаюына
әкеледі. Ауа саңылауларын тамақпен немесе
басқа нәрселермен жаппаңыз - олар дұрыс ауа
айналымы болатындай етіп және тамақ сақтауға
оңтайландырылған.
ТАҒАМДЫ САҚТАУ КЕҢЕСТЕРІ
ЖАС ТАҒАМДЫ ЖӘНЕ СУСЫНДАРДЫ САҚТАУ
ЖОЛЫ
› Қайта өңделе алатын пластик, металл, алюминий
және әйнек контейнерлерді, сондай-ақ, тағамды
орау үшін ас пленкасын пайдаланыңыз.
› Сұйықтықтар және иісті шығаруы не сіңіруі мүмкін
тағамдар үшін әрқашан жабық контейнерлерді
пайдаланыңыз немесе бетін жабыңыз.
Этилен газының үлкен мөлшерін беретін және осы
газға сезімтал жеміс, көкөністер және салад сияқты
тағамдар сақтау мерзімін қысқартпау мақсатында
бөлек оралып сақталуы керек; мысалы,
қызанақтарды киви жемісімен және
орамжапырақпен бірге сақтамаңыз.
› Жеткілікті ауа айналымын қамтамасыз ету үшін
тағамды бір-біріне жақын сақтамаңыз.
› Бөтелкелердің құлауына жол бермес үшін,
бөтелке ұстатқышты пайдалана аласыз.
› Егер тоңазытқышта сақталатын тамақтың
мөлшері аз болса, жеміс және көкөністерді сақтау
бөлімінің үстіндегі сөренің пайдалануын ұсынамыз,
себебі бұл - бөлімдегі ең суық аймақ.
› Ауа саңылауларын тамақпен жауып тастамаңыз.
Zero0 BioZone бөлігін тоңазытқыш
ішінде көбірек орын босату үшін алып
тастауға болады. Мұндай жағдайда
келесі қадамдарды орындаңыз:
- бөлімді өшіріңіз
- тартпаны тартып шығарыңыз
- төмендегі шыны текшені суырыңыз
Zero0 BioZone
- ақ пластик оқшаулауышты шыны
текшеден алыңыз
- шыны текшені орнына салыңыз.
Ескертпе: жоғарғы текше мен бүйірлік
тіректер шығарылмайды.
Zero0 BioZone бөлігі жәшігінің бағытын
қалпына келтіру үшін, жәшіктің
астындағы ақ пластик текшені
(пластикке
ZERO 0 BIOZONE
БӨЛІГІН АЛЫҢЫЗ
шыны текше енгізіліп біріктірілген)
тартпаны салмас және функцияны
қайта іске қоспас бұрын міндетті
түрде орнына салыңыз. Zero0
BioZone бөлігі EN62552
стандартының салқындату текшесі
туралы талаптарына сәйкес. Бөлікті
және оның барлық бөлшектерін мата
және тоңазытқышқа арналған
бейтарап тазалау заты қосылған су
ерітіндісімен жүйелі түрде тазалаңыз
(жәшіктің артындағы ақ пластик
сөресін судың астына батырмаңыз).
Жәшікті (сыртын қоса) тазалаудан
бұрын жәшікті электр көзінен
ажырату үшін шығарыңыз.
Ысқыш тазалау заттарды
пайдаланбаңыз.










