User manual

Иіс сүзгісі қосулы тұрғанда, дисплейде
иіс сүзгісінің белгішесі көрінеді.
Тұмшапеш функциясының соңында
қызған иіс сүзгісінің жұмысы тағы 10
минут жалғасады. Иіс сүзгісі
құрылғыны сөндіргенде немесе
тұмшапештің есігін ашқанда тоқтайды.
Пиролитпен тазалау кезінде
тұмшапеш температурасы 400 °C-тан
төмен болғанда, иіс сүзгісі алғашқы 15
минутта автоматты түрде жұмыс
істейді.
12.6 Есікті алу және орнату
Есікті және ішкі шыны панельдерді
алып тазалауға болады. Шыны
панельдердің саны әр үлгіде әр түрлі.
ЕСКЕРТУ!
Құрылғының есігін алған
кезде абай болыңыз.
Есіктің салмағы ауыр.
1. Есікті шегіне дейін ашыңыз.
2. Есіктің қос топсасындағы
ысырмаларды (A) барынша
басыңыз.
A
A
3. Тұмшапештің есігін бірінші ашу
күйіне (шамамен 70° градус) қарай
жабыңыз.
4. Есікті екі жағынан қолдарыңызбен
қапсыра ұстап тұрып, құрылғыдан
жоғары қарай қиғаштап көтеріп
тартып шығарыңыз.
5. Есіктің сыртқы бетін орнықты
жерге төселген жұмсақ шүберекке
қаратып қойыңыз. Бұл есіктің
бетіне сызат түсірмеу үшін қажет.
6. Есік жақтаушасының (B) жоғарғы
жағын қос қолмен екі жағынан
ұстаңыз да, ысырманы босату үшін
ішке қарай басыңыз.
1
2
B
7. Есікті босату үшін оның
жақтаушасын алға қарай тартыңыз.
8. Есіктің шыны панельдерін
бағыттағыштан шығару үшін,
үстіңгі жағынан ұстап, бір-бірден
жоғары тартып шығарыңыз.
9. Шыны панельді сабын сумен
жуыңыз. Шыны панельді жақсылап
құрғатыңыз.
Тазалап болғаннан кейін жоғарыда
айтылған қадамдарды керісінше
орындаңыз. Алдымен кішірек панельді,
содан кейін үлкенірек панельді
орнатыңыз.
ЕСКЕРТУ!
Әйнектердің бірдей
орналасқанына көз
жеткізіңіз, әйтпесе есіктің
беткі жағы қатты қызып
кетеді.
Шыны панельдерді (С, В және A)
дұрыс ретпен орындарына қайта
салуды ұмытпаңыз. Әуелі сол жағына
төртбұрыш және оң жағына үшбұрыш
басылған C панелін салыңыз. Сондай-
ақ, бұл таңбалардың есік жақтауына
салынғанын көресіз. Әйнектегі
үшбұрыштың таңбасы, есіктің
жақтауындағы үшбұрышқа сәйкес
келуі керек және төртбұрыш таңба
төртбұрышқа сәйкес келуі керек.
Содан кейін қалған екі шыны панельді
салыңыз.
ҚАЗАҚ 43