User manual
Мына жағдайларда
пиролитпен тазалау
басталмайды:
• Егер ішкі температура
сенсорының шасын
розеткадан
суырмасаңыз. Кей
үлгілерде осы ақаулық
пайда болған кезде
бейнебетте "C2"
көрсетіледі.
• Егер тұмшапештің есігі
әбден жабылмаса. Кей
үлгілерде осы ақаулық
пайда болған кезде
бейнебетте "C3"
көрсетіледі.
АБАЙЛАҢЫЗ
Егер осы шкафқа басқа да
құрылғылар орнатылып
тұрса, оларды Пиролит
функциясы қолданылып
тұрған кезде
пайдаланбаңыз. Себебі
құрылғыға нұқсан келтіруі
мүмкін.
Пиролитпен тазалау кезінде есік
бекітіліп тұрады. белгісі мен қызу
индикаторының жолағы есіктің
бекітпесі ашылғанша жанып тұрады.
Есіктің бекітпесі тұмшапештің ішіндегі
температура қауіпсіз деңгейге
келгенде және пиролитпен тазалау
функциясы аяқталғанда ашылады.
Пиролитпен тазалау кезінде шам сөніп
тұрады.
1. Қатып қалған қоқысты қолмен
тазалаңыз.
2. Тағам қалдықтарын ыстық ауа
күйдірмеу үшін тұмшапеш есігінің
ішкі жағын ыстық сумен тазалаңыз.
3. Құрылғыны іске қосыңыз.
4. Пиролитпен тазалау функциясын
орнатыңыз («Тұмшапеш
функциялары» тарауын қараңыз).
5. түймешігін басыңыз.
6. Тазалау үрдісінің ұзақтығын
немесе түймешігін басып
орнатыңыз:
Опция Сипаттама
1 1:00 сағат,
шамалы
қоқысты
тазалау үшін
2 1:30 сағат,
қалыпты
қоқысты
тазалау үшін
3 2:30 сағат,
қатты
қоқысты
тазалау үшін
Тазалау функциясын кешіктіріп
бастау үшін Аяқтау функциясын
қолдануға болады.
7. Пиролитпен тазалау функциясын
қосу үшін
түймешігін басыңыз.
12.4 Тазалық ескертушісі
Құрылғыны сөндірген сайын
дисплейде тазалық ескертушісінің
белгісі
пиролитпен тазалау қажет
екенін ескерту үшін 10 секунд бойы
жыпылықтап тұрады.
Тазалық ескертушісі
сөнеді:
• пиролитпен тазалау
аяқталғаннан кейін.
• оны негізгі параметрлер
арқылы сөндірген кезде.
"Параметрлер мәзірін
пайдалану" тарауын
қараңыз.
12.5 Иіс сүзгісі
Иіс сүзгісі пісіру немесе гриль жасау
кезінде пайда болатын иісті азайтады.
Бұл егер құрылғының ішіндегі
температура 50 °C градустан жоғары
болса жұмыс істей бастайды. Иіс
сүзгісі тұмшапештің төбесінде
орналасқан және өздігінен қалпына
келіп отырады. Иіс сүзгісі тұмшапештің
барлық функцияларында қосылады.
Иіс сүзгісін Параметрлер
мәзірі арқылы қосыңыз.
www.aeg.com42










