User manual
7. КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
7.1 Ішкі температура
сенсорын қолдану
Ішкі температура сенсоры еттің ішкі
температурасын өлшейді. Еттің
температурасы орнатылған
температураға жеткенде құрылғы
сөнеді.
Екі түрлі температураны орнату керек:
• Тұмшапештің температурасы.
Қуыру кестесін қараңыз.
• Ішкі температура. Ішкі температура
сенсорының кестесіне қараңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Құрылғымен бірге
жеткізілген ішкі
температура сенсорын
ғана немесе фирмалық
қосалқы бөлшектерді ғана
қолданыңыз.
1. Тұмшапештің функциясы мен
температурасын орнатыңыз.
2. Ішкі температура сенсорының
ұшын (сабында белгісі бар)
еттің ортасына шаншыңыз.
3. Ішкі температура сенсорының
ашасын тұмшапеш корпусының
үстіңгі бөлігіндегі розеткаға
қосыңыз.
Тағам пісіріп жатқанда ішкі
температура сенсорының етке
сұғылып және розеткаға қосылып
тұруын қамтамасыз етіңіз.
Ішкі температура сенсорын алғаш
рет қолданғанда, әдепкі ішкі
температура 60 °C градус болады.
жыпылықтап тұрған кезде,
температура тетігін қолданып,
әдепкі ішкі температураны
өзгертуге болады.
Бейнебетте ішкі температура
сенсорының белгісі мен әдепкі ішкі
температура көрсетіледі.
4. Жаңа ішкі температураны сақтау
үшін
түймешігін басыңыз
немесе оның өздігінен сақталғанын
қаласаңыз, 10 секунд күтіңіз.
Ішкі температура сенсорын келесі
жолы қолданған кезде әдепкі ішкі
температура көрсетіледі.
Еттің температурасы орнатылған ішкі
температураға жеткен кезде, ішкі
температураның белгісі
мен әдепкі
ішкі температура жыпылықтайды.
Дыбыстық сигнал екі минут бойы
естіледі.
5. Дыбыстық сигналды тоқтату үшін
кез келген түймешікті басыңыз.
6. Ішкі температура сенсорының
ашасын розеткадан суырыңыз. Етті
құрылғыдан алыңыз.
7. Құрылғыны сөндіріңіз.
www.aeg.com14










