User manual

жеткізілетін инжекторлар
орамынан таба аласыз.
8.3 Ең кіші деңгейді лайықтау
Оттықтардың ең төменгі деңгейін
баптау үшін:
1.
Оттықты жағыңыз.
2.
Тетікті ең кіші қалыпқа бұраңыз.
3.
Басқару тетігін алыңыз.
4.
Бұрағыштың көмегімен орағытпа
бұранданы реттеп бұраңыз.
A
A Орағытпа бұранда
– Табиғи G20 20 мбар газды
сұйылтылған газға
ауыстырсаңыз, реттегіш
бұранданы шегіне дейін
қатайтыңыз.
– Егер сұйылтылған газды G20 20
мбар табиғи газға
ауыстырсаңыз, реттегіш
бұранданы шамамен
айналымның 1/4 дейін
босатыңыз.
Назарыңызда болсын!
Тетікті ең үлкен қалпынан ең
кіші қалпына дейін жылдам
бұраған кезде, жалынның өшіп
қалмайтынына көз жеткізіңіз.
ОТТЫҚ ТАБИҒИ ГАЗ
G20/20 мбар
СҰЙЫЛТ. ГАЗ
G30/30 мбар
Инжекторлар Инжекторлар
Жылдам оттық 119 88
Жартылай жылдам
оттық
96 71
8.4 Электртоғына қосу
• Құрылғыны қауіпсіздік шараларына
сәйкес жерге қосыңыз.
• Техникалық ақпарат
тақтайшасындағы атаулы кернеу
мен электрмен жабдықтау түрінің
жергілікті кернеу мен қуатпен
жабдықтау мәндеріне сай келетініне
көз жеткізіңіз.
• Құрылғы электр сымымен
жабдықталған.
• Кез келген электрлік құралас
құрылғыны қызмет көрсету
орталығының техник маманы
немесе білікті қызметкерлер
орнатуға немесе ауыстыруға тиіс.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, электр
қатерінен сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
• Орнатып болғаннан кейін ашаның
қол жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
• Құрылғыны ажырату үшін қуат
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып ажыратыңыз.
• Құрылғыны ұзартқыш сым, адаптер
немесе көп тармақты розеткаға
жалғамау керек (өрт шығу қауіп
бар). Құрылғының қолданыстағы
стандарттар мен ережелерге сәйкес
жерге қосылғанын тексеріңіз.
• Қуат сымын құрылғының ыстық
бөліктерінің ешқайсысына тимейтін
етіп төсеу керек.
• Құрылғыны барлық магниттік
полюстерде ені кем дегенде 3 мм
түйіспелі саңылаудың көмегімен
желіден ажыратуға мүміндік беретін
қондырғыға, мысалы, желіні
автоматты қорғайтын ажыратқышқа,
жерге тұйықталудан қорғау тетігіне
немесе сақтандырғышқа жалғаңыз.
• Қосылым сымының ешқандай бөлігі
90°C температураға шыдай
алмайды.
42
www.aeg.com










