User manual

5. ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
Назарыңызда болсын!
Түбі оттықтың өлшеміне дәл
келетін табалар мен
кәстрөлдерді пайдаланыңыз.
Пеш тақтасының шетінен
шығып тұратын қазан-
кәстрөлдерді қолданбаңыз.
Оттық Тамақ пісіретін
ыдыстың
диаметрі
Жылдам 160 - 240 мм
Жартыл
ай
жылдам
140 - 240 мм
5.1 Қуат үнемдеу
Егер мүмкіндік болса, кәстрөлдердің
қақпағын әрдайым жабыңыз.
Сұйықтық қайнай бастағанда, оны
ақырындап қайнату үшін отты
азайтыңыз.
Назарыңызда болсын!
Ыдыстар басқару аймағына
кіріп тұрмауға тиіс.
Газ тұтынуды азайту мақсатында
кәстрөлдердің пештің шетінен шығып
тұрмауын және оттық шеңберінің тура
ортасына қойылуын қадағалаңыз.
Шеңберлерге орнықсыз немесе
майысқан ыдыстарды қоймаңыз.
6. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны тазалардан бұрын
сөндіріңіз де, суығанша күтіңіз.
Тазалау немесе күтіп ұстау
жұмыстарын жүзеге асырмас
бұрын, құрылғыны электр
желісінен ағытыңыз.
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік мақсатында
құрылғыны бумен тазалағыш
немесе жоғары қысыммен
тазалағыш құралдармен
тазаламаңыз.
Назарыңызда болсын!
Түрпілі тазартқыш, болат
сымнан жасалған ысқыш
немесе қышқылдарды
қолданбаңыз, олар құрылғыны
бүлдіруі мүмкін.
Пештің үстін тазалауды жеңілдету
үшін таба қоятын тағандарды алып
қоя тұруға болады. Пештің үстін
тазалап болғаннан кейін ыдыс
тағандарының дұрыс орнатылғанына
көз жеткізіңіз. Ыдыс тағандарын қайта
қойғанда, пештің шыны беті сызылып
қалмас үшін абай болыңыз. Ыдыс
тағандарын қолмен жуғанда, құрғатып
сүрткенде абай болыңыз, себебі
эмальмен қапталған жиектері өткір
болуы мүмкін. Қажет болса, қатып
қалған дақтарды тазартқыш
қоймалжыңмен кетіріңіз.
Қоқысты тазалау:
1.
Дереу тазалаңыз: балқыған
пластмасса, полимер үлдір, қант
қосылған тағам. Арнайы
керамика қырғышты
қолданыңыз. Қырғышты
керамика бетке сүйір бұрыш
жасай отырып қойып, жылжыту
арқылы тазалаңыз.
Мыналарды тазалауға кіріспес
бұрын пешті электр желісінен
ағытып, суытыңыз: әк дақтары,
су дақтары, май дақтары,
металдың жылтыраған дақтары.
Шыны керамикаға немесе
тоттанбайтын болатқа арналған
арнайы тазартқыш құралдарды
қолданыңыз.
38
www.aeg.com