User manual

• Құрылғының бетіне сызат түссе,
дереу тоқ көзінен ағытыңыз. Бұл
әрекет электр қатеріне ұшырап
қалуға жол бермейді.
• Тағамды ыстық майға салғанда, май
шашырауы мүмкін.
Назарыңызда болсын!
Өрт немесе жарылыс шығу
қаупі бар.
• Тоңмайларды немесе майды
қыздырған кезде тұтанғыш бу пайда
болады. Тоңмайға немесе майға
тамақ пісірген кезде қызған
заттарды немесе оттың жалынын
алыс ұстаңыз.
• Қатты қызған майдан бөлініп
шығатын бу, кенет жарылыстың
орын алуына себеп болады.
• Құрамында тағам қалдықтары бар
қолданылған май, бірінші рет
қолданылып отырған майға
қарағанда, төмен температурада
өрт пайда болуға әкелуі мүмкін.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз
мүмкін.
• Басқару панеліне ыстық ыдыс
қоймаңыз.
• Ыдысты ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз.
• Құрылғының үстіне зат немесе ыдыс
құлап кетуге жол бермеңіз.
Құрылғының бетіне зақым келуі
мүмкін.
• Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып
немесе ешбір ыдыс қоймай іске
қоспаңыз.
• Құрылғының үстіне алюминий
жұқалтыр қоймаңыз.
• Құйылған шойыннан, алюминийден
жасалған немесе астына нұқсан
келген ыдыстар, шыны немесе
шыны керамика бетке сызат
түсіреді. Бұндай заттарды
құрылғының бетінде үнемі көтеріп
жылжыту керек.
• Бұл тек тағам пісіруге арналған
құрылғы. Бұл құрылғыны басқа
мақсатта, мысалы, бөлмені қыздыру
үшін пайдаланбаңыз.
• Газбен пісіретін құрылғыны
пайдаланған кезде қызу және ылғал
бөлінеді. Құрылғы орнатылған
бөлменің жақсы желдетілуін
қамтамасыз етіңіз.
• Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны ұзақ уақыт пайдаланған
кезде қосымша желдету қажет
болуы, мысалы, терезені ашу
немесе барынша тиімді желдету
тәсілін пайдалану қажет болуы, егер
механикалық тартқыш бар болса,
оның қарқынын арттыруға болады.
• Пішімі дұрыс, диаметрі оттықтың
диаметрлерінен үлкен орнықты
ыдыстарды ғана пайдаланыңыз.
Шыны плита (егер болса) қатты
қызып, жарылып кету қаупі бар.
• Тетікті ең үлкен қалпынан ең кіші
қалпына дейін жылдам бұраған
кезде, жалынның өшіп
қалмайтынына көз жеткізіңіз.
• Ыдыстардың шеңберлердің
ортасына орнатылғанына және
пісіруге арналған беттің жиектеріне
жабысып қалмайтынына көз
жеткізіңіз.
• Құрылғымен бірге жеткізілген керек-
жарақтарды ғана қолданыңыз.
• Оттыққа жалын шашыратқышты
орнатпаңыз.
2.3 Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз
мүмкін.
• Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл
тазалаңыз.
• Құрылғыны тазалау үшін сулы
спрейді және буды қолданбаңыз.
• Оттықтарды ыдыс жуғыш машинада
жумаңыз.
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек
бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе
темір заттарды пайдаланбаңыз.
ҚАЗАҚ 35










