User manual

Анықтағыш шамдар
Шайғыш зат
1)
Шайғыш заттан салу қажет болғанда
анықтағыш шам жанады. 'Шайғыш
затты қолдану' тарауын қараңыз.
1) Жуу бағдарламасы орындалып тұрған кезде, тұз және/не шайғыш зат үлестіргіштері босап
қалса, тиісті анықтағыш шамдар жанбайды.
Кешіктіріп бастау түймешігі
Кешіктіріп бастау түймешігін жуу бағдарламасын 1 мен 19 сағат
арасындағы интервал бойынша кешіктіріп бастау үшін қолданыңыз. 'Жуу
бағдарламасын орнату және бастау' тарауын қараңыз.
Сандық бейнебет
Бейнебетте төмендегілер көрсетіледі:
• су жұмсартқыштың орнатылған деңгейі.
• Бағдарламаның соңына дейін қалған уақыт.
• Шайғыш зат үлестіргіштің қосулы/өшірулі (тек multitab функциясы
қосылып тұрғанда) тұрғандығы.
• Жуу бағдарламасының соңы. Бейнебетте нөл пайда болады.
• Кешіктіріп бастаудың сағаттық мәні.
• Ақаулық кодтары.
Функция түймешіктері
Функция түймешіктерін мына әрекеттер үшін қолданыңыз:
• Су жұмсартқышты орнату үшін. 'Су жұмсартқышты орнату' тарауын
қараңыз.
• Орындалып тұрған жуу бағдарламасын не кешіктіріп бастау
функциясын біржола тоқтату үшін. 'Жуу бағдарламасын орнату және
бастау' тарауын қараңыз.
• Multitab функциясын қосу/ажырату үшін: 'Multitab функциясы' тарауын
қараңыз.
• Multitab функциясы қосылып тұрғанда, шайғыш зат үлестіргішін қосу/
ажырату үшін. 'Multitab функциясы' тарауын қараңыз.
Параметрлерді орнату режимі
Мына әрекеттерді орындау үшін құрылғы параметрлерді орнату
режимінде тұруға тиіс:
• Жуу бағдарламасын орнату үшін.
• Су жұмсартқыштың деңгейін орнату үшін.
• Шайғыш зат үлестіргішін ажырату/қосу үшін.
Қосу/Өшіру түймешігін басыңыз. Құрылғы мына жағдайда параметрлерді
орнату режимінде тұрады:
– Барлық бағдарлама шамдары жанғанда.
Қосу/Өшіру түймешігін басыңыз. Құрылғы мына жағдайда параметрлерді
орнату режимінде тұрмайды:
– Тек бір ғана бағдарлама шамы жанғанда
Бұйым сипаттамасы
7










