User manual

• Жарақат алып не ашық тұрған есікке соғылып қалмас үшін құрылғыны
пайдаланбаған кезде есігін әрқашан жауып қойыңыз.
• Ашық тұрған есіктің үстіне отырмаңыз не үстіне шықпаңыз.
Бала қауіпсіздігі
• Бұл құрылғыны тек ересек адам ғана қолдануға тиіс. Балаларды
құрылғымен ойнап қоймас үшін қадағалап отыру қажет.
• Орам материалдарының барлығын балалардан алыс ұстаңыз.
Тұншығып кету қаупі бар.
• Жуғыш заттардың барлығын сенімді жерде сақтаңыз. Балаларға жуғыш
затқа жолауға рұқсат бермеңіз.
• Құрылғы есігі ашық тұрған кезде балаларды алыс ұстаңыз.
Орнату
• Тасымалдау кезінде құрылғының еш жеріне нұқсан келмегенін
тексеріңіз. Бүлінген құрылғыны ешқашан қоспаңыз. Қажет болса,
сатушыға хабарласыңыз.
• Ең алғаш пайдаланбас бұрын орам материалдарының барлығын
алыңыз.
• Құрылғыны электр желісіне білікті әрі уәкілетті маман қосуға тиіс.
• Құрылғыны құбыр желісіне білікті әрі уәкілетті маман қосуға тиіс.
• Бұл өнімнің құрылымын бұзбаңыз, оған еш өзгерту енгізбеңіз. Жарақат
алуыңыз және құрылғыға нұқсан келуі мүмкін.
• Құрылғыны пайдаланбаңыз, егер:
– электр сымы не су құятын, төгетін түтікшелері зақымдалса,
– басқару панелі, жұмыс алаңы не қабырғасына нұқсан келіп
құрылғының ішкі жағы қол жетерліктей ашық қалса.
Жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Құрылғының гидравликалық не электр бөлшектеріне зақым келмес үшін
оның қабырғасын бұрғымен теспеңіз.
Назарыңызда болсын!
Электр және су жүйелеріне қосқан кезде нұсқауларды мұқият орындаңыз.
4
Жалпы мағлұмат бөлімдері










