User manual

Назарыңызда болсын!
Қатерлі кернеу
Су төгетін түтікше
1. Су төгетін түтікшені раковина түтігіне жалғап, оны жұмыс тақтасының
астына бекітіңіз. Бұл раковинадан ағатын кір су құрылғыға құйылып
кетуден сақтайды.
2. Су төгетін түтікшені желдеткіш тесігі(ішкі диаметрі минимум 4 см) бар
тік кұбырга жалгаңыз.
Су төгетін түтікшенің еш жерінің
майысып не жаншылып суды ағызбай
тұрмағанын тексеріңіз.
Ыдыс жуғыш машина суын төгіп тұрған
кезде, су құрылғыға қайта құйылып
кетпес үшін раковина тығынын алып
қойыңыз.
Су төгетін түтікшенің ұзындығы 2 м
артық болмауға тиіс. Ішкі диаметрі
түтікше диаметрінен кіші болмауға тиіс.
Су төгетін түтікшені раковинаның
астындағы түтікке түйістіру үшін пластик
қабықты(A)алыңыз. Қабықты алмасаңыз
ас қалдықтары су төгетін түтікті
толтырып қояды.
Құрылғы кір су қайта құйылып кетуден
сақтандыратын қауіпсіздік
функциясымен жабдықталған. Раковина
түтігі 'қайтармайтын клапанмен'
жабдықталса, бұл клапан құрылғы суын
дұрыс төгуге кедергі жасайды. Қайтармайтын клапанды алыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Су қосылымдарының су ағып кетпейтіндей берік жалғанғандығын
тексеріңіз.
max 85 cm
min 40 cm
max 400 cm
Суға қосу
29










