User manual

"Бағдарлама орындалып тұр" анықтағыш шамы жанған қалпы тұрады.
1. Қосу/Өшіру түймешігін басыңыз.
2. Есікті ашыңыз.
3. Қептіру нәтижесін жақсарту үшін есікті ыдыстарды шығармай тұрып
бірнеше минут ашып қойыңыз.
Ыдыстарды машинадан алмай тұрып суытып алу үшін қоя тұрыңыз.
Ыстық ыдыс осал келеді.
Ыдыс-аяқтарды алу
Алдымен астыңғы себеттегі, содан соң үстіңгі себеттегі ыдыстарды
алыңыз.
Құрылғының қабырғасы мен есігі суланып тұруы мүмкін. Тоттанбайтын
болат, ыдыстарға қарағанда тез суып қалуы мүмкін.
Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны өшіріп барып тазалаңыз.
Сүзгілерді тазалау
Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғыны сүзгісіз пайдаланбаңыз. Сүзгілердің дұрыс орнатылғанына
көз жеткізіңіз. Теріс орнатсаңыз жуу нәтижелері қанағаттанғысыз болып,
құрылғыға нұқсан келуі мүмкін.
Сүзгілерді қажетінше тазалап отырыңыз. Кірлеген сүзгілер жуу нәтижесін
төмендетеді.
Ыдыс жуғыш машинаның үш сүзгісі бар:
1. ірі көзді сүзгі(A)
2. микросүзгі (B)
3. тегіс сүзгі (C)
Сүзгілерді тазалау үшін мына
қадамдарды орындаңыз:
1. Есікті ашыңыз.
2. Астыңғы себетті алыңыз.
A
B
C
22
Күту менен тазалау