User manual

2. Жаңа жуу бағдарламасын орнатыңыз.
Жаңа жуу бағдарламасын орнатпай тұрып жуғыш зат үлестіргішке жуғыш
заттан салыңыз.
Жуу бағдарламасын үзу
Есікті ашыңыз.
• Бағдарлама тоқтайды.
Есікті жабыңыз.
• Бағдарлама үзілген жерінен бастап жалғасады.
Бағдарламаға кешіктіріп бастау функциясын қосып орнату және
бастау
1. Қосу/Өшіру түймешігін басыңыз.
2. Жуу бағдарламасын орнатыңыз.
3. Кешіктіріп бастау түймешігін бейнебетте жуу бағдарламасының қанша
сағатқа кешігіп басталатындығы жыпылықтап көрінгенше басыңыз.
4. Есікті жабыңыз.
– Бейнебеттегі уақыт мәні тұрақты жанып тұрады.
– "Бағдарлама орындалып тұр" анықтағыш шамы өшеді.
– Кешіктіріп бастау функциясының кері санағы басталады.
– Кешіктіріп бастау функциясының кері санағы 1 сағаттық қадам
бойынша кеми бастайды.
– Кері санақ аяқталған кезде жуу бағдарламасы автоматты түрде
басталады.
– "Бағдарлама орындалып тұр" анықтағыш шамы жанады.
Кері санақ тоқтап қалмас үшін кері санақ орындалып тұрған кезде есікті
ашпаңыз. Есікті қайта жапқан кезде кері санақ тоқтаған жерінен бастап
жалғасады.
Кешіктіріп бастау функциясын болдырмау:
1. B және C функция түймешіктерін қатар басып:
– Барлық бағдарлама шамдары жанғанша ұстап тұрыңыз.
Кешіктіріп бастау функциясын біржола тоқтатқан кезде жуу
бағдарламасы да тоқтайды.
2. Жаңа жуу бағдарламасын орнатыңыз.
Жуу бағдарламасы мен кешіктіріп бастау функциясын, құрылғының есігін
жауып тұрып таңдауға да болады. Бағдарлама түймешігін басқан соң,
басқа жуу бағдарламасын не кешіктіріп бастау функциясын таңдауға тек
3 секунд ғана уақытыңыз бар. 3 секундтан кейін таңдалған бағдарлама
автоматты түрде басталады.
Жуу бағдарламасының соңы
Құрылғыны төмендегі жағдайларда өшіріңіз:
• Құрылғы автоматты түрде тоқтайды.
• Бейнебетте 0 пайда болады.
Жуу бағдарламасын таңдау және бастауу
21










