User manual

Бағдарлама
Ұзақтығы (минут)
1)
Қуат (кВт/с) Су (литр)
- 0,8 - 0,9 14 - 15
1) Сандық бейнебетте бағдарлама ұзақтығы пайда болады.
Судың қысымы мен температурасы, электр қуатының ауытқып берілуі
мен ыдыстардың саны бұл мәндерді өзгертуі мүмкін.
Жуу бағдарламасын таңдау және бастауу
Жуу бағдарламасын есікті ашыңқырап қойып орнатыңыз. Жуу
бағдарламасы тек есік жабылған соң ғана басталады. Осыған дейін
параметрлерді өзгертуіңізге болады.
Жуу бағдарламасын орнатып, бастау үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Құрылғыны қосыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату режимінде тұрғанын тексеріңіз.
3. Бағдарлама түймешіктерінің бірін басыңыз. 'Жуу бағдарламалары'
тарауын қараңыз.
– Бағдарламаның анықтағыш шамы жанады.
– Басқа бағдарламалардың барлығының шамдары өшеді.
– Сандық бейнебетте бағдарлама ұзақтығы жыпылықтап көрсетіледі.
– "Бағдарлама орындалып тұр" анықтағыш шамы жанады.
4. Есікті жабыңыз.
– Жуу бағдарламасы автоматты түрде басталады.
– "Бағдарлама орындалып тұр" анықтағыш шамы жанған қалпы
тұрады.
Жуу бағдарламасы орындалып тұрған кезде бағдарламаны өзгерте
алмайсыз. Жуу бағдарламасын біржола тоқтатыңыз.
Назарыңызда болсын!
Жуу бағдарламасын тек қажет жағдайда ғана үзіңіз не біржола
тоқтатыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Есікті абайлап ашыңыз. Ыстық бу шығып кетуі мүмкін.
Жуу бағдарламасын біржола тоқтату
1. B және C функция түймешіктерін қатар басып:
– Барлық бағдарлама шамдары жанғанша,
– "Бағдарлама орындалып тұр" анықтағыш шамы сөнгенше ұстап
тұрыңыз.
2. Жуу бағдарламасын біржола тоқтату үшін B және C функция
түймешіктерін босатыңыз.
Осы кезде мына қадамдарды орындауға болады:
1. Құрылғыны өшіріңіз.
20
Жуу бағдарламасын таңдау және бастауу










