User manual

Multitab функциясын жуу бағдарламасын бастамай тұрып қосыңыз не
өшіріңіз.
Бағдарлама жұмыс жасап тұрған кезде multitab функциясын қосып не
өшіре алмайсыз. Жуу бағдарламасын өшіріңіз де, содан соң
бағдарламаны қайта орнатыңыз.
Multitab функциясын қосу үшін:
• Екі multitab түймешігін (D және E функция түймешіктері) қатар басып
ұстап тұрыңыз. Multitab анықтағыш шамы жанады.
Multitab функциясын ажырату үшін:
• Екі multitab түймешігін (D және E функция түймешіктері) қатар басып
ұстап тұрыңыз. Multitab анықтағыш шамы өшеді.
Құрғату нәтижесі қанағаттандырмаса мына қадамдарды орындаңыз:
1. Шайғыш зат үлестіргішіне шайғыш заттан салыңыз.
2. Шайғыш зат үлестіргішін белсенді күйге көшіріңіз.
3. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін 2-ші орынға қойыңыз.
• Шайғыш зат үлестіргішін тек multitab функциясы белсенді күйде
тұрғанда ғана қосуға не өшіруге болады.
Шайғыш зат үлестіргішін қосу/өшіру үшін:
1. Құрылғыны қосыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату режимінде тұрғанын тексеріңіз.
3. B және C функция түймешіктерін басып, ұстап тұрыңыз.
– A, B, және C функция түймешіктерінің анықтағыш шамдары
жыпылықтай бастайды.
4. B және C функция түймешігін босатыңыз.
5. В функция түймешігін басыңыз.
– А және C функция түймешіктерінің анықтағыш шамдары өшеді.
–В функция түймешігінің анықтағыш шамы жыпылықтауын
жалғастырады.
– Сандық бейнебетте параметр пайда болады.
Шайғыш зат үлестіргіші ажыратылған
Шайғыш зат үлестіргіші қосылған
6. В функция түймешігін қайта басыңыз.
– Сандық бейнебетте жаңа параметр пайда болады.
7. Амалды құрылғы жадына енгізу үшін құрылғыны өшіріңіз.
Қалыпты жуғыш затты қайта пайдалану үшін:
1. Multitab функциясын ажыратыңыз.
2. Тұз сауыты мен шайғыш зат үлестіргішін толтырыңыз.
3. Су кермектігі параметрін ең жоғарғы деңгейге қойыңыз.
4. Жуу бағдарламасын еш ыдыссыз орындаңыз.
5. Су жұмсартқыштың деңгейін өзіңіз тұратын жердегі судың кермектігіне
лайықтаңыз.
6. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін белгілеңіз.
18
Мульти таб функциясы










