User manual

Үстіңгі себетті төменгі/жоғарғы орынға қою үшін мына әрекеттерді
орындаңыз:
1. Үстіңгі себетті тоқтап қалғанша
сыртқа қарай тартыңыз.
2. Үстіңгі себетті тұтқасынан ұстап
тұрып, неғұрлым көтерілгенінше
жоғары көтеріңіз де, содан соң
оны тігінен төмендетіңіз.
Үстіңгі себет төменгі не жоғарғы
орынға түседі.
Тазалау бұйымдарын қолдану
Тек ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш заттарды (ұнтақ, сұйық не
таблетка)ғана қолданыңыз.
Орамындағы нұсқауларды орындаңыз:
• Өндіруші көрсеткен мөлшерде ғана пайдаланыңыз.
• Сақтауға қатысты ұсыныстарды қараңыз.
Қоршаған ортаға зиян тигізбес үшін көрсеткен мөлшерден артық
пайдаланбаңыз.
Жуғыш зат үлестіргішін толтыру үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Жуғыш зат үлестіргіштің қақпағын
ашыңыз.
2. Жуғыш зат үлестіргішке( A) жуғыш
заттан салыңыз. Белгіше
мөлшерді көрсетеді:
20 = шамамен 20 г жуғыш затқа
тең
30 = шамамен 30 г жуғыш затқа
тең.
16
Тазалау бұйымдарын қолдану










