User manual

1. Шайғыш зат үлестіргішін ашу
үшін(A)түймешігін басыңыз.
2. Шайғыш зат үлестіргішіне
шайғыш заттан салыңыз. 'max. '
белгішесі максимум деңгейді
көрсетеді.
3. Төгіліп қалған шайғыш затты жуу
бағдарламасын келесі жолы
бастаған кезде көбік пайда
болмас үшін сорғыш матамен
сүртіп алыңыз.
4. Шайғыш зат үлестіргішін
жабыңыз.
Шайғыш затты үлестіру мөлшерін белгілеу
Шайғыш зат параметрі зауытта 4-ші деңгейге қойылған.
Шайғыш заттың үлестірілетін мөлшерін 1 (ең төменгі) мен 6 (ең жоғары)
аралығында орнатуыңызға болады.
Үлестірілетін мөлшерді көбейту не
азайту үшін шайғыш зат түймешесін
бұраңыз.
– Ыдыстарда су тамшысы не әк түйірі
қалып қойса, шайғыш зат мөлшерін
көбейтіңіз.
– Ыдыста жолақ, ақшыл дақтар қалып не
беті көкшіл тартса, үлестіру мөлшерін
азайтыңыз.
Шаю бұйымдары
11










