User manual

Ыдыс жуғыш машинасы үшін арналған
Сақтандыру туралы ескерту!
Тек ыдыс жуғыш машина тұзын қолданыңыз. Ыдыс жуғыш машинаға
арналмаған тұздар су жұмсартқышқа нұқсан келтіреді.
Сақтандыру туралы ескерту!
Тұз түйірлері мен машина түбіндегі тұзды су машинаны тоттандырады.
Машинаны тоттандырмау үшін тұзды тұз сауытына жуу бағдарламасын
бастамай тұрып салыңыз.
Тұз сауытын толтыру үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Тұз сауытын ашу үшін қақпағын сағат бағытына қарсы бұраңыз.
2. Тұз сауытына 1 литр су құйыңыз(тек ең алғаш іске қосқанда).
3. Тұз сауытына тұз салу үшін
құйғышты пайдаланыңыз.
4. Тұз сауытының ернеуінің
айналасындағы тұздарды
тазалап алыңыз.
5. Тұз сауытын жабу үшін қақпағын
сағат бағыты бойынша бұраңыз.
Сауытқа тұз салған кезде судың тұз
сауытынан асып төгіліп кетуі
қалыпты жағдай.
Шаю бұйымдары
Сақтандыру туралы ескерту!
Тек ыдыс жуғышқа арналған фирмалық шайғыш заттарды ғана
пайдаланыңыз.
Шайғыш зат сауытына ешбір басқа зат (мысалы, ыдыс жуғышты
тазалағыш зат, сұйық тазалағыш)салмаңыз. Бұл құрылғыға нұқсан
келтіреді.
Шайғыш зат ыдыстарды ешбір жолақ не дақ қалдырмай кептіреді.
Шайғыш зат ең соңғы шаю кезеңінде автоматты түрде қосылады.
Шайғыш зат үлестіргішін толтыру үшін мына қадамдарды орындаңыз:
10
Ыдыс жуғыш машинасы үшін арналған










