FAVORIT SILENCE PLUS Қолдану туралы нұсқаулары Ыдыс жуғыш машина
Мазмұны Біздің жоғарғы сапалы өнімдеріміздің бірін таңдағаныңызға алғысымызды білдіреміз. Бұл құрылғы тиімді әрі тұрақты жұмыс жасау үшін осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Бұл құрылғының барлық үрдістерін жете меңгеріп, оны неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Қажет жағдайда керек нұсқауларды оқып отыру үшін бұл нұсқаулықты сенімді жерге сақтап қойыңыз. Құрылғыны келесі пайдаланушыға берер кезде нұсқаулықты да қоса беруді ұмытпаңыз. Жаңа құрылғыны пайдаланып жайлы көңіл-күйге жете беріңіз.
Жалпы мағлұмат бөлімдері 3 Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие. Жұмыс жүйесі туралы нұсқаулар Жалпы мағлұмат бөлімдері Осы нұсқаулықты өз қауіпсіздігіңіз бен құрылғыны дұрыс пайдалану үшін, оны орнатып іске қоспас бұрын мұқият оқып шығыңыз. Нұсқаулықты әрқашан тіпті құрылғыны көшірсеңіз не сатсаңыз да онымен бірге қалдырыңыз. Пайдаланушылар құрылғының қауіпсіздік функциясы мен оны іске қосу жолдарын толық білуге тиіс. Дұрыс пайдалану • Құрылғы тек үйде пайдалануға ғана арналған.
Жалпы мағлұмат бөлімдері • Жарақат алып не ашық тұрған есікке соғылып қалмас үшін құрылғыны пайдаланбаған кезде есігін әрқашан жауып қойыңыз. • Ашық тұрған есіктің үстіне отырмаңыз не үстіне шықпаңыз. Бала қауіпсіздігі • Бұл құрылғыны тек ересек адам ғана қолдануға тиіс. Балаларды құрылғымен ойнап қоймас үшін қадағалап отыру қажет. • Орам материалдарының барлығын балалардан алыс ұстаңыз. Тұншығып кету қаупі бар. • Жуғыш заттардың барлығын сенімді жерде сақтаңыз.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар Қауіпсіздік туралы мағлұматтар 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Үстіңгі себет Су кермектігінің дискісі Тұз сауыты Жуғыш зат үлестіргіші Шайғыш зат үлестіргіші Техникалық ақпарат тақтайшасы Сүзгілер Астыңғы бүріккіш түтік Үстіңгі бүріккіш түтік Жұмыс тақтасы 5
Бұйым сипаттамасы Бұйым сипаттамасы D 1 2 3 4 5 6 E Қосу/Өшіру түймешігі Бағдарламаны таңдайтын түймешіктер Кешіктіріп бастау түймешігі Анықтағыш шамдар Сандық бейнебет Функция түймешіктері Анықтағыш шамдар Орындалып тұрған бағдарлама Жуу бағдарламасын таңдағанда анықтағыш шам жанады. MULTITAB Анықтағыш шам multitab функциясының қосылғанын/ ажыратылғанын көрсетеді. 'Multitab функциясы' тарауын қараңыз. Тұз 1) Анықтағыш шам тұз сауытын толтыру қажет болғанда жанады.
Бұйым сипаттамасы 7 Анықтағыш шамдар Шайғыш зат 1) Шайғыш заттан салу қажет болғанда анықтағыш шам жанады. 'Шайғыш затты қолдану' тарауын қараңыз. 1) Жуу бағдарламасы орындалып тұрған кезде, тұз және/не шайғыш зат үлестіргіштері босап қалса, тиісті анықтағыш шамдар жанбайды. Кешіктіріп бастау түймешігі Кешіктіріп бастау түймешігін жуу бағдарламасын 1 мен 19 сағат арасындағы интервал бойынша кешіктіріп бастау үшін қолданыңыз. 'Жуу бағдарламасын орнату және бастау' тарауын қараңыз.
Бірінші қолданғанға дейін – Жуу бағдарламасы орнатылып тұрғанда. Параметрлерді орнату режиміне оралу үшін бағдарламаны біржола тоқтату қажет. 'Жуу бағдарламасын орнату және бастау' тарауын қараңыз. Бірінші қолданғанға дейін Процедураның әр сатысы үшін төмендегі нұсқауларды орындаңыз: 1. Су кермектігінің деңгейінің аймағыңыздағы судың кермектігіне сай келетініне көз жеткізіңіз. Қажет болса су жұмсартқышты орнатыңыз. 2. Тұз сауытына ыдыс жуғыш машина тұзынан салыңыз. 3.
Су жұмсақтайтын бұйымын салу Судың кермектігі 9 Судың кермектігін баптау °dH °TH ммоль/л Кларк қолмен электрондық тәсілмен 11 - 14 19 - 25 1,9 - 2,5 13 - 17 1 3 4 - 10 7 - 18 0,7 - 1,8 5 - 12 1 2 <4 <7 < 0,7 <5 1 1) 1 1) 1) Тұзды пайдаланудың еш қажеті жоқ. Су жұмсартқышты қолмен және электронды тәсілмен орнатуыңыз қажет. Қолмен баптау Құрылғының зауытта орнатылған деңгейі - 2. 1. Есікті ашыңыз. 2. Астыңғы себетті алыңыз. 3.
Ыдыс жуғыш машинасы үшін арналған Ыдыс жуғыш машинасы үшін арналған Сақтандыру туралы ескерту! Тек ыдыс жуғыш машина тұзын қолданыңыз. Ыдыс жуғыш машинаға арналмаған тұздар су жұмсартқышқа нұқсан келтіреді. Сақтандыру туралы ескерту! Тұз түйірлері мен машина түбіндегі тұзды су машинаны тоттандырады. Машинаны тоттандырмау үшін тұзды тұз сауытына жуу бағдарламасын бастамай тұрып салыңыз. Тұз сауытын толтыру үшін мына қадамдарды орындаңыз: 1. Тұз сауытын ашу үшін қақпағын сағат бағытына қарсы бұраңыз. 2.
Шаю бұйымдары 11 1. Шайғыш зат үлестіргішін ашу үшін(A)түймешігін басыңыз. 2. Шайғыш зат үлестіргішіне шайғыш заттан салыңыз. 'max. ' белгішесі максимум деңгейді көрсетеді. 3. Төгіліп қалған шайғыш затты жуу бағдарламасын келесі жолы бастаған кезде көбік пайда болмас үшін сорғыш матамен сүртіп алыңыз. 4. Шайғыш зат үлестіргішін жабыңыз. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін белгілеу Шайғыш зат параметрі зауытта 4-ші деңгейге қойылған.
Ас құралдары менен ыдыс-аяқты салуs Ас құралдары менен ыдыс-аяқты салуs Ақыл-кеңес Сақтандыру туралы ескерту! Құрылғыны тек ыдыс жуғыш машинада жууға болатын үйдегі ыдысаяқтарды жуу үшін ғана қолданыңыз. Құрылғыны су тартқыш заттарды (жөке, майлық-сулықтар, т.с.с) жуу үшін пайдаланбаңыз. • Ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды салмас бұрын мына қадамдарды орындаңыз: – Тағам қалдықтары мен ластықтарды толық кетіріңіз. – Жанған, ыдысқа жабысқан тағамдарды жұмсартыңыз.
Ас құралдары менен ыдыс-аяқты салуs 13 Астыңғы себет Үлкен әрі қатты ластанған ыдыс-аяқтар мен кәстрөлдерді астыңғы себетке орналастырыңыз. Үлкен ыдыстар, кәстрөлдер, таба мен шыныаяқтарды салу үшін астыңғы себеттегі ілгек қатарларын жиып қоюға болады. Ас құралдарының қорапшасы Назарыңызда болсын! Ұзын жүзді пышақтарды тігінен қоймаңыз. Ұзын және өткір ас құралдарын үстіңгі себетке көлденең жатқызып салыңыз. Өткір заттарды абайлап ұстаңыз.
Ас құралдары менен ыдыс-аяқты салуs Ас құралдары торын пайдаланыңыз. • Торды ас құралдары қорапшасына салыңыз. • Үлкенірек заттар үшін ас құралдары торының тек біреуін ғана қолданыңыз • Шанышқы мен қасықтардың сабын төмен қаратып салыңыз. • Пышақтардың сабын жоғары қаратып салыңыз. • Қасықтар бір-біріне жабысып қалмас үшін, оларды басқа ас құралдарымен араластырып салыңыз. Үстіңгі себет Үстіңгі себет табақшалар, салат сауыттары, шыныаяқ, стакан, кәстрөл мен қақпақтарды салуға арналған.
Ас құралдары менен ыдыс-аяқты салуs 15 • Ұзын заттарды шыныаяқ торын жоғары көтеріп барып салыңыз. • Ұзын бокалдарды шыныаяқ торына сирағын жоғары қаратып салыңыз. • Ұстағышы ұзын бокалдарды қойғанда, шыны ұстағыштарды солға немесе оңға жиып қойыңыз. • Ыдыс оңай салыну үшін үстіңгі себеттің сол жағындағы тізбектеле орналасқан ілмектерді жоғары немесе төмен жиып қоюға болады. Үстіңгі себеттің биіктігін реттеу Ыдыс салуды жеңілдету үшін үстіңгі себетті екі орынның біріне қоюыңызға болады.
Тазалау бұйымдарын қолдану Үстіңгі себетті төменгі/жоғарғы орынға қою үшін мына әрекеттерді орындаңыз: 1. Үстіңгі себетті тоқтап қалғанша сыртқа қарай тартыңыз. 2. Үстіңгі себетті тұтқасынан ұстап тұрып, неғұрлым көтерілгенінше жоғары көтеріңіз де, содан соң оны тігінен төмендетіңіз. Үстіңгі себет төменгі не жоғарғы орынға түседі. Тазалау бұйымдарын қолдану Тек ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш заттарды (ұнтақ, сұйық не таблетка)ғана қолданыңыз.
Мульти таб функциясы 3. Алдын ала жуу циклі бар жуу бағдарламасын пайдалансаңыз, алдын ала жуғыш зат үлестіргішіне(B)жуғыш заттан көбірек салыңыз. 17 A B 4. Жуғыш таблеткаларды пайдалансаңыз, жуғыш таблетканы жуғыш зат үлестіргішке салыңыз( A). 5. Жуғыш зат үлестіргіштің қақпағын жабыңыз. Қақпақты өз орнына түскенше басыңыз. Әртүрлі фирма өндірген жуғыш заттар әртүрлі жылдамдықпен ериді. Кей жуғыш заттарды қысқа мерзімді жуу бағдарламасы үшін қолданғанда нәтижесі сондай жақсы болмайды.
Мульти таб функциясы Multitab функциясын жуу бағдарламасын бастамай тұрып қосыңыз не өшіріңіз. Бағдарлама жұмыс жасап тұрған кезде multitab функциясын қосып не өшіре алмайсыз. Жуу бағдарламасын өшіріңіз де, содан соң бағдарламаны қайта орнатыңыз. Multitab функциясын қосу үшін: • Екі multitab түймешігін (D және E функция түймешіктері) қатар басып ұстап тұрыңыз. Multitab анықтағыш шамы жанады.
Жуу бағдарламалары 19 Жуу бағдарламалары Жуу бағдарламалары Бағдарлама Кірдің ауқымы Ыдысты салу түрі Бағдарлама сипаттамасы AUTOMATIC1) Кез келген Ыдыс-аяқтар, ас құралдары, кәстрөлдер мен табалар Алдын ала жуу Негізгі жуу, 45°C не 70°C дейін 1 не 2 рет аралық шаю Соңғы шаю Кептіру 30 MIN 2) Қалыпты не аздап кірлеген Ыдыс-аяқтар мен Негізгі жуу, 60°C дейін ас құралдары Соңғы шаю INTENSIV CARE 70° Қатты ластанған Ыдыс-аяқтар, ас құралдары, кәстрөлдер мен табалар ECO 50° 3) Қалыпты кірлеген
Жуу бағдарламасын таңдау және бастауу Бағдарлама Ұзақтығы (минут) 1) - Қуат (кВт/с) 0,8 - 0,9 Су (литр) 14 - 15 1) Сандық бейнебетте бағдарлама ұзақтығы пайда болады. Судың қысымы мен температурасы, электр қуатының ауытқып берілуі мен ыдыстардың саны бұл мәндерді өзгертуі мүмкін. Жуу бағдарламасын таңдау және бастауу Жуу бағдарламасын есікті ашыңқырап қойып орнатыңыз. Жуу бағдарламасы тек есік жабылған соң ғана басталады. Осыған дейін параметрлерді өзгертуіңізге болады.
Жуу бағдарламасын таңдау және бастауу 21 2. Жаңа жуу бағдарламасын орнатыңыз. Жаңа жуу бағдарламасын орнатпай тұрып жуғыш зат үлестіргішке жуғыш заттан салыңыз. Жуу бағдарламасын үзу Есікті ашыңыз. • Бағдарлама тоқтайды. Есікті жабыңыз. • Бағдарлама үзілген жерінен бастап жалғасады. Бағдарламаға кешіктіріп бастау функциясын қосып орнату және бастау 1. Қосу/Өшіру түймешігін басыңыз. 2. Жуу бағдарламасын орнатыңыз. 3.
Күту менен тазалау • "Бағдарлама орындалып тұр" анықтағыш шамы жанған қалпы тұрады. 1. Қосу/Өшіру түймешігін басыңыз. 2. Есікті ашыңыз. 3. Қептіру нәтижесін жақсарту үшін есікті ыдыстарды шығармай тұрып бірнеше минут ашып қойыңыз. Ыдыстарды машинадан алмай тұрып суытып алу үшін қоя тұрыңыз. Ыстық ыдыс осал келеді. Ыдыс-аяқтарды алу • Алдымен астыңғы себеттегі, содан соң үстіңгі себеттегі ыдыстарды алыңыз. • Құрылғының қабырғасы мен есігі суланып тұруы мүмкін.
Күту менен тазалау 23 3. Сүзгі жүйесінің бекітпесін ашу үшін микросүзгі (B) ұстағышын сағат бағытына қарсы 1/4 мөлшерде бұраңыз. 4. Сүзгілерді алыңыз. 5. Ірі көзді сүзгіні(A)тесігі бар ұстағышынан ұстаңыз. 6. Ірі көзді сүзгіні(A) микросүзгіден(B)алыңыз. 7. Тегіс сүзгіні (C) құрылғы түбінен шығарыңыз. 8. Сүзгілерді ағып тұрған суға жуыңыз. 9. Тегіс сүзгіні (C) құрылғы түбіне салыңыз. 10. Ірі көзді сүзгіні(A) микросүзгіге(B)салып, екеуін қатар басыңыз. 11. Сүзгі жүйесін орнына қойыңыз. 12.
Не істерсіңіз, егер... Басқа мүмкіндік болмаса, құрылғыны босатыңыз да, есігін жабыңыз. Су құятын түтікшені ағытып, су құятын түтікшедегі суды төгіңіз. Не істерсіңіз, егер... Құрылғы жұмыс істей бастамайды не жұмыс істеп тұрып тоқтап қалады. Құрылғыда ақау бар болса, оны алдымен өзіңіз шешіп көруге тырысыңыз. Мәселенің шешімін өзіңіз таба алмасаңыз, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Не істерсіңіз, егер... Қателер коды және дұрыс істемеу Бағдарлама басталмай тұр 25 Мүмкін себептері және шешетін жолдары • Құрылғы есігі жабылмаған. Есікті жабыңыз. • Аша розеткаға сұғылмаған. Ашаны қосыңыз. • Үйдегі сақтандырғыш қорапшасындағы сақтандырғыш күйіп кеткен. Сақтандырғышты ауыстырыңыз. • Кешіктіріп бастау орнатылған. Бағдарламаны дереу бастау үшін кешіктіріп бастау функциясын біржола тоқтатыңыз. Тексеріп болған соң құрылғыны қосыңыз. Бағдарлама үзілген жерінен бастап жалғасады.
Техникалық сиппатама Жуу нәтижелері қанағаттанарлық емес Ыдыстар мен • Шайғыш зат мөлшерін азайтыңыз. стакандардың беті айғыздалған не оларға ақшыл дақтар түскен не беті көкшіл тартқан Стакандар мен • Шайғыш зат мөлшерін көбейтіңіз. ыдыстарда кепкен су • Бұның себебі жуу заттары болуы мүмкін.
Орнату 27 Құрылғыны су құятын шүмек пен суды төгетін құбырлардың қасына орналастырыңыз. Құрылғыны раковина қаптамасының не ас үй жұмыс үстелінің астына, беткі жұмыс тақтасын алып барып орнату қажет. Шкаф ұясының өлшемдері берілген өлшемдерге сай келетінін тексеріңіз. Құрылғының жұмыс тақтасын алу үшін мына қадамдарды орындаңыз: 1. Артқы бұрандаларды(1) алыңыз. 2. Жұмыс тақтасын құрылғының артқы жағынан итеріңіз. 3. Жұмыс тақтасын көтеріңіз де, алдыңғы саңылаудан босатып алыңыз. 4.
Суға қосу қабырғасына соғылмайды. Есік дұрыс жабылмаса, өзгертпелі сирақтарды босату не қатайту арқылы машинаның деңгейін реттеп қойыңыз. Суға қосу Су құятын түтікше Құрылғыны ыстық (макс. 60°) немесе суық суға қосуға болады. Егер ыстық су қоршаған ортаға зияны жоқ басқа қуат көздерінен (мысалы күн көзінің қуатынан, фотоэлектрлі панель не жел қуатынан)алынса, қуат шығынын азайту үшін ыстық суды пайдалануды ұсынамыз. Су құятын түтікшені сыртқы резьбасы 3/4 дюйм болатын су шүмегіне қосыңыз.
Суға қосу 29 Назарыңызда болсын! Қатерлі кернеу Су төгетін түтікше max 400 cm 1. Су төгетін түтікшені раковина түтігіне жалғап, оны жұмыс тақтасының астына бекітіңіз. Бұл раковинадан ағатын кір су құрылғыға құйылып кетуден сақтайды. 2. Су төгетін түтікшені желдеткіш тесігі(ішкі диаметрі минимум 4 см) бар тік кұбырга жалгаңыз. Су төгетін түтікшенің еш жерінің max 85 cm майысып не жаншылып суды ағызбай тұрмағанын тексеріңіз.
Электртоғына қосу Электртоғына қосу Назарыңызда болсын! Бұл нұсқауларды орындамасаңыз, салдарына өндіруші жауапты емес. Құрылғыны қауіпсіздік ережелеріне сай жерге қосыңыз. Техникалық ақпарат тақтайшасындағы кернеу мен қуат мәндерінің жергілікті желідегі кернеу мен қуатқа сай келетіндігіне көз жеткізіңіз. Әрқашан дұрыс орнатылған, электр қатерінен сақтандырылған розетканы пайдаланыңыз. Көп-көзді ашаларды, жалғастырғыштар мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз. Өрт шығу қатері бар.
www.electrolux.com 117976121-00-072009 www.aeg.