User manual
Сағат функцияларын біржола тоқтату
1. Таңдағыш түймешікті қажетті функцияның шамы жыпылықтағанша
қайта-қайта басыңыз.
2. " - " түймешігін басып ұстап тұрыңыз.
Бірнеше секундтан кейін сағат функциясы өшеді.
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
Есіктің ішкі жағы
Пеш есігінің ішкі жағынан бірнеше сөрелерді көресіз.
Пісіру
Жалпылама нұсқаулар
• Жаңа пешіңіз бұрыңғы пешіңізге қарағанда, тағамды басқаша пісіруі
немесе қуыруы мүмкін. Өзіңіз әдетте қолданатын параметрлерді
(температура, пісіру уақыттары) мен сөре қатарларын кестедегі
мәндерге сәйкестендріп алыңыз.
• Пісіру уақыты ұзақ болса, пешті пісіру аяқталардан 10 минут бұрын
өшіріп, қалдық жылуды тиімді пайдалануға болады.
Мұздатылған тағамды пісірген кезде, пештің сөрелері майысып қалуы
мүмкін. Сөрелер суыған кезде майысқаны да басылады.
Пісіру кестелерін қалай пайдалану керек
• Алғашында төмен температураны қолдануды ұсынамыз.
• Арнайы рецепттің параметрлерін таппасаңыз, осы параметрлерге
неғұрлым ұқсас келетін параметрлерді қолданыңыз.
• Торттарды бірнеше қатарға қойып пісірген кезде, пісіру уақыты 10-15
минутқа артуы мүмкін.
• Биіктіктері әртүрлі торттар мен кондитер өнімдері әдетте біркелкі
қызармайды. Бұндай жағдайда температураны өзгертпеңіз. Бұл пісіру
барысында өз орнына келеді.
Бір қатарға қойып пісіру - Қалбырға салып пісіру
Тағам түрі Пеш функциясы Пеш
қатары
Температура
(°C)
Уақыт
(сағ:мин)
Шығырық тәрізді
торт не бриоч
Ауаны
желдеткішпен
айналдыру
1 150 - 160 0:50 - 1:10
Медейра торты /
Жеміс торттары
Ауаны
желдеткішпен
айналдыру
1 140 - 160 1:10 - 1:30
Көтеріліп піскен
торт
Ауаны
желдеткішпен
айналдыру
1 140 0:25 - 0:40
Пайдалы нұсқаулар менен кеңестер
9










