User manual

Пештің есігі мен шыны панельдері
Пештің есігін алып барып тазалаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғының есігін алған кезде абай болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
Пеш есігін ағытып алу
1. Пеш есігін шегіне дейін ашыңыз.
2. Есіктің қос топсасындағы
ілмектерді (A) әбден жоғары
көтеріңіз.
3. Пеш есігін оны ашқан кезде
алғашқы келетін жеріне дейін
жабыңыз (шамамен 45°).
4. Есікті екі жағынан қолмен қапсыра
ұстап тұрып, жоғары көтеріп
тартып алыңыз.
5. Енді ішкі шыны панельдерін алып
тазалауыңызға болады.
Есікті орнату үшін әрекеттерді
кері тәртіпте жасаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Шыныны ұстағанда абай болыңыз, сынып қалады.
Пештің есігінде 2, 3 немесе 4 (үлгі түріне байланысты) шыны панель бар.
Есіктің бетіне сызат түспес үшін оның сыртқы бетін жұмсақ әрі тегіс жерге
қаратып қойыңыз
Есіктің шыны панельдерін алу және тазалау
1. Есіктің жақтаушасын (B) оның
жоғарғы жағынан қос қолмен екі
жағынан ұстаңыз да, содан соң
оны ысырманың тығыздағышын
босату үшін ішке қарай басыңыз.
A
A
45°
B
Күту менен тазалау
25