User manual
Сөре жолдары
Сырғытпа жолдарды алу
1. Сырғытпа жолдардың алдыңғы
жақтарын қабырғадан ағытып
алыңыз.
2. Сырғытпа жолдардың артқы
жақтарын қабырғадан ағытып
алыңыз.
Сырғытпа жолдарды салу
Сырғытпа жолдарды аталмыш әрекеттерді кері ретпен орындай отырып
салыңыз.
Маңызды! Сырғытпа жолдардың доғал ұштары алдыңғы жаққа қарап
тұруға тиіс!
Пеш шамы
Назарыңызда болсын!
Электр қатеріне ұшырау қаупі бар!
Пештің шамын ауыстырар алдында:
• Пешті өшіріңіз.
• Сақтандырғыш қорапшасындағы сақтандырғыштарды немесе айырып-
қосқышты алыңыз.
Пештің шамы мен шамының қалпағына нұқсан келмес үшін пештің
табанына шүберек төсеңіз.
Пештің шамын айырбастау/шыны қалпағын тазалау
1. Шыны қалпағын сағат бағытына қарсы бұраңыз да, ағытып алыңыз.
2. Шыны қалпағын тазалаңыз.
3. Пештің шамын 300°C градустық қызуға төзімді, сай келетін шамға
айырбастаңыз.
4. Шыны қалпақты орнына қойыңыз.
2
1
24
Күту менен тазалау










